Оянғым келмейді... (жалғасы)
Оянғым келмейді... (жалғасы)
Бүгін жұмысқа, дәлірегі, ештеңеге зауқым соқпады. Ол ол ма, алай-дүлей боран соғып, кабинетте омалдым да қалдым. Шай іштім, жаттым, тұрдым, интернет ақтарған болдым, жаңалық оқыған болдым, бірақ, бәрі түйсіксіз, санасыз, сәулесіз. Қапырық басқан қаңсық тірліктен қамығырып, меңірейіп күн өткіздім. Бірдеңе жетіспейді... Жадау тартқан жан дүниеңді сілкіп-сілкіп алар бірдеңе күтесің, мейлі ол жақсы кітап болсын, мейлі ол фильм болсын, мейлі ол жаны жайсаң біреу болсын, кейінгі кезде осындай сәулесіз өмір қалыпты жағдайға айналып барады... Қаңғырған ойлар қаумалап, ұйып қалған аяқ-қолымды жазып, ерсілі-қарсылы жүріп, қан тарқатқан болдым. Біздің кеңсе жоғары қабатта орналасқан әрі бірыңғай әйнектен тұрады, төменге көз салсаң, бәрі алақаныңдағыдай сайрап жатыр; кенет, әйнектің аржағынан,  ақ сел, ақ түтек  арасынан қаңғалақтап ұшып келіп, қатты желдің екпінімен қалбалақтай ығып кеткен шағаланы көріп қалдым. Қыстың күні қайдағы шағала, бірақ, тұтас бір жақ қабағын жапқан түйдек қардан көзін аша алмай қалғанын байқап қалдым. Кеңседегі жанып тұрған жарықтан...
 
(жалғасы бар)
Алмат Бөрібек
CаттарCаттар
3 года назад 1623
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137
Прямой эфир