Бұл - осы тақырыпқа енді қалам тербеп жүрген ақын Жібек Тоқсанбайдың өлеңі болатын. Пайғамбарымыз Мұхаммед /С.А.С/-ға деген сүйіспеншілігін тырнақалды шығармаларында осылай келтіріпті. Енді кемшін, олқы тұстары бар шығар, дегенмен, ешкім бірден классик болып туылмаған болар. Сондықтан, оған әлі оқу керек, көбірек іздену керек, көбірек жазу керек сияқты. Жалпы... "бұлақ көрсең көзін аш" дегендей, Жібекке ақ жол тілесек...
Жүрегіме үңілдiм де, қорықтым.
Сенi сүйген асхабыңның тiптi бiз
Тырнағына татымаймыз, соны ұқтым...
үңілдім ізгілікті өміріңе,
Сен дегенде жұбанған, сен деп соққан
Ұсынамын, жүректің төрі - міне!