Пост және коммент
Пост және коммент

Әлеуметтік желіге жіпсіз байланып, кейде ерте күнді кеш қылатынымыз бар. Оқыс оқиғалар, елең еткізер жаңалықтар, тосын жағдайлар, қызықты жазбалар, т.б. жарияланымдар уақыттың қалай өткенін байқатпай, өз иіріміне тартып әкетеді. Кейде еріксіз езу тартқызатын жазбалар есте ұзақ сақталып қалатыны бар. Солардың бірі мынау: бір бойжеткен "жүрегім ауырып отыр" деп астарлап, өз күйінен сыр шертіп, пост жариялаған (қыз-келіншектердің назға толы мұндай жазбалары жиі кездеседі) екен. Астына бір жігіт: "Жекеге шықшы" деп ұятты сырыпы қойып, турасынан тартыпты. Мен сөз етіп отырған мұндай қызықты жазбалардың мыңнан біреуі ғана. Есте қалған соң әңгіме етіп отырғаным. Мана тағы бір пост оқыдым - Роман Бұрқаштың: "Кеше бір кісі "Бүгін бейсенбі ғой, оразасың ба?" деп қойып қалды. Мен "Ее, ораза ұстаған екенсіз ғой, қабыл болсын" дедім)))". Оның астына Нұрбол Сейілбек есімді интернет қолданушысы былай пікір білдірген екен: "Сұраққа жауап беріп жатпай-ақ бірден нəпсісі тілеп тұрған сөзді айттым деңіз))". Әрі астарлы әрі ұтқыр, Былайша айтқанда, "апама жездем сай" жазба мен пікір болып шыққан. Әдейілеп, алдын ала он ойланып, жүз толғанып жазсаң бұлай сәтті шыға бермейтін мұндай постарыңыз бен комментеріңіз көбейе берсін. Қысқасы, күлдіре отырып, ой салатын қызықты жазбаларыңызды күтеміз.

CаттарCаттар
6 лет назад 3869
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137
Прямой эфир