Қабірдегі 25 жыл
Қабірдегі 25 жыл

Алғашқы түнде

Бірінші боп қарын мен жыныс мүше саси бастайды. О, Құдірет! Бұл екеуі адам баласының бұ дүниеде құмарын өтеуге (дегенін жасауға) тырысқан екі ағзасы ғой! Сондай-ақ, Алла жолына түсуге кедергі болған да осы екеуі болатын. Одан кейін бүкіл дене көгере бастайды. 

Екінші күні

Жекелеген ағзалар; бауыр, өкпе, асқазан саси бастайды. 

Үшінші күн

Жоғарыдағы ағзалардың сасық исі қатты шығып, мүңки түседі. 

Бір аптадан соң

Екі көз, тіл, жақ ісіп, томпая бастайды. 

Он күннен кейін

Басқа; қарын, асқазан, бауыр секілді дене-мүшелер ісіп-кеуіп, жарылуға жақындайды. 

Екі апта өткенде

Бастың шаштары түсе бастайды. 

Он бес күннен соң

Көк шыбындар 5 км жерден сасық иісті сезіп, ұшып келе бастайды. Құрттар пайда болып бүкіл денеге жайлай бастайды. 

Алты айдан кейін

Мәйттің орнында тек сүйек қана қалады. 

25 жыл, яғни, ширек ғасыр өткенде

Адамның сүйегі бір түйір дәнге айналады. Ол дәннің ішінде «ажбуз-зәнәб» деп аталатын сүйек орналасады. Мұнда адам жайындағы барлық мәлімет сақталып, осы арқылы ол Қиямет күні қайта тіріледі. 

Біздің өмір бойы қызғыштай қорғап келіп, өзгеден артық көрген денеміздің ақыры осылай болмақ. Өмір бойы Аллаға күнә жасаған, тізе бүгіп, сәждеге құлауға уақыт таппай жүрген қымбатты да аяулы денеміз осындай күйге ұшырамақ. 

http://hibatulla.kz/

CаттарCаттар
8 лет назад 3357
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137