Сана мидан бөлек
Сана мидан бөлек

Ғылым бір орнында тұрмайды, алға жылжымаған ғылым догмаға айналады. Догма қоғамның дамуын тежеп, дегредация басталады. Алдымен адам ғасырлар бойы қалыптасқан қасаң көзқарастың жетегінде кей жаңалықтарға алдымен үрке қарайтыны бар. Сондай жаңалықтардың бірі – эволюцияның табиғи сұрыпталу схемасы бойынша емес, номогенезге сәйкес дамитыны. Соған сәйкес Сана ми субстанциясы ретінде қарастырылмайды. Өткен ғасырдың өзінде орыс ойшылы, хирург В.Ф. Войно-Ясенецкий: «Рух мидан тысқары болғанымен оның қызметін және біздің ғұмырымызды анықтайды... Ми сигналды қабылдап, оны абоненттерге жеткізетін коммутатор ретінде ғана жұмыс істейді»,- деп жазып кеткен екен. Физиология саласы бойынша Нобел сыйлығын алған Джон Экклс: «Адам санасын бізге белгілі құрылымға жатқызуға болмайды, өйткені, біз әлі білмейтін басқа нәрсе бар»,- деп жаһанға жар салды. Ол ақыл мен миды мән мен мағынаның екі бөлек бөлігі ретінде қарастырады. Осылай дей келе ол: «Сана қызметін мидың жұмыс істеуімен түсіндіріп бере алмайсыз, мұны мен тәжірибе тұрғысынан растай аламын. Сана одан тыс жұмыс істейді»,- деп тұжырады. Тек мұнымен ғана шектеліп қалмай, Сананың миға тәуелді емесіне қатысты басқа да тұжырымдарын ұсынған еді. Физик Н.И. Кобозоев тәжірибе арқылы мидағы нейрон желісінің жүйке импулстарының көмегімен ойдың қалыптаспайтынын дәлелдеп берген болатын. Өйткені, мидағы бұл сигналдардың берілу жылдамдығы ойлау тетігінің шапшаң әрекетімен салыстырғанда сәйкес келмейді, яғни, нейрон желісінің жүйке импулстарының жылдамдығымен ойлау тетігінің жылдамдығы сәйкес келмейді. Мидың Санаға тек жанама түрде ғана қатысы бар. «Ол ақпаратты Санадан алады әрі оны жүйке орталығына әсеріне қарай қалыптастырады. Ойлау процесінің өзі ми мен біздің денемізден тысқары Санада жүзеге асады»,- деп жазған екен.

Тек мақалада аты аталған ғалымдар ғана емес, сонымен қатар, өзге де аты мәшһүр ғалымдар ойды тудыратын ми емес, Сана екенін айтып кеткен болатын.

Сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/sana-midan-bolek-13932/#gsc.tab=0

CаттарCаттар
4 года назад 2151
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137