Сиам егіздері қалай намаз оқып, қалай үйленеді?
Сиам егіздері қалай намаз оқып, қалай үйленеді?

Сиам егіздері — бір ұрықтаан тараған егіздер, құрсақтағы даму кезеңінде толық ажыратылмаған, ішкі ағзалары да, тәндері де бірге. Сиам егіздерінің дүниеге келуі әдетте 200 000 жағдайда ғана бір рет орын алады. Сиам егіздерінің жартысына жуығы өлі туады. Тірі туғандарымен олардың аман қалуы бері алғанда 5 пайыздан, ары кеткенде 25 %-дан аспайды. Көбіне бұл құбылыс қыз балаларды арасында кездеседі – 70-75 пайыз. Сонымен олар қалай намаз оқып, қалай үйленуі керек? Осы сауалдарға шариғи тұрғыдан жауап беруге тырысамыз.

Фиқһ мамандары бұл мәселені де айналып өтпеген. Олар ең алдымен сиам егіздерінің екі адам екенін немесе бір адам екенін анықтап алуды алға тартады. Осыдан кейін барып, олардың мәселесі шешілуі тиіс. Алдымен қарт тарихқа сәл шегініс жасайық: Мүміндер халифі Омар ибн Хаттабқа (Алла одан разы болсын) екі басы, екі аузы, екі мұрны, төрт көзі бар бір денедегі сиам егізін алып келеді де мұраны қалай бөлісуді сұрайды. Омар (р.а.) сахабаларды жинап алып ақылдасады. Олар да жауап бере алмай дағдарған кезде хазіреті Әліні (Алла одан разы болсын) шақыртады. Ол: «Бұл жағдайды былай қарастыру керек. Олар ұйқыға кеткен кезде көздерін бірге жұмып, ауыздарын бірге жаба ма, онда – олар бір адам болғаны, егер біреуі жұмып, біреуі жұмбаса, біреуінің аузы ашық қалып, келесінікі жабылса – онда екі адам болғаны». Бұл дерек әт-Тәбаридің еңбегінде келтірілген. Бірақ, қай еңбегінде екені айтылмаған.   

Имам Һажар әл-Һайтами былай деген болатын: «Егер екеуінің денесі бір-біріне жабысып тұрғанымен олардың басы екеу болып, қолдары да, аяқтары да сондай болса, онда олар екі адам ретінде саналады».

Ту сыртынан бір-біріне жабысып туған сиам егіздері намаз оқығанда Құбылаға қалай бет бұрады? Бұл мәселе барлық намазға қатысты емес, тек парыз намаздарында ескерілуі тиіс. Егер мүмкіндіктері болса, алдымен біреуі, келесісінде екіншісі Құбылаға қарап, құлшылық етеді. Ислам ғалымы Аш-Шабрамулсидің тұжырымы осындай. 

Алайда, сиам егіздері белгілі бір уақыт аралығында оқылатын жұма намазында қайтпек? Арқасы бір-біріне жабысып біткен сиам егіздерінің біреуі жұма намазын оқи алғанымен екіншісі бұл намазды жіберіп алады. Ислам ғұламаларының айтуынша, жұма және Айт намаздары қайталанып келетіндіктен алдымен біреуі, келесі жұмада немесе келесі айтты екіншісі намаз оқиды.

Егер сиам егіздері намазға кешіккен жағдайда оған кім кінәлі екені анықталуы тиіс, соған орай құлшылыққа себепкер болмағаны алдымен намаз оқиды. Егер екеуі бірдей кінәлі болса, жеребе тастайды. Ислам ғалымдары сиам егіздерінің жұма намазына қатысуын міндетті екенін бірауыздан айтып отыр. Оны жоғарыда айттық қалай орындау керектігін. Ал нәпіл немесе сүннет намаздарын өздеріне қалай қолайлы, солай оқиды.

Ал, олардың үйлену мәселесіне келсек, Шафиғи мәзһабының ғалымдары мынадай тұжырымға келген: олардың үйленуіне болады. Тек бір шартпен: әурет жерлерін жабуы тиіс. Түһфатүл әл-Хабиб кітабында ("әл-Хатыб" кітабының тәпсірі): «Олардың әрбіреуіне үйленуіне болады. Олар бірдей ер адам болсын, мейлі, әйел адам болсын. Олар әурет жерлерін жабуы тиіс».

CаттарCаттар
10 лет назад 7080
2 комментария
  • Үйлену мәселесін түсініңкіремедім.
    10 лет назад
  • бұл жерде де олардың бір адам ба, әлде екі адам ба, осы арасы анықталуы тиіс. Содан кейін олардың қай ағзасынан "бірігіп" ескерілуі тиіс. Үйленгенде де біріншісінің көзі екіншісінің әурет жеріне көзі түспес үшін бүркенуі шарт
    10 лет назад
О блоге
0
24971 187 228 91 137