Жарқ еткізіп ем жанымнан
Бір найзағай суырып,
Көк қарады үңіліп,
Жер қарады бұрылып.
Найзағайдың ұшқындарынан
Ұшып шыққан мың үміт,
Қанаттарына аппақ бұлттар ілініп,
Қабақтарына ақ сәулелер құйылып,
Күллі әлемді тербеп тұрды жылылық.
Сол-ақ екен
Күдіктерім күңдей болып бүгіліп,
Күмәндарым күлдей болып үгіліп,
Күнәларым Күн нұрына жуылып,
Менің осы нұр саулаған кеудемнен
Мінсіз әлем бейне қайта туылып,
Мәре-сәре болып жатқан шағымда,
Мен кетпейін сүрініп,
Сен кетпеші суынып,
Жарығым!
Сиясы кеппеген шумақтар. Сағыныш Намазшамова
|
0 комментариев
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."11 месяцев назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."11 месяцев назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."12 месяцев назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."12 месяцев назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."12 месяцев назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."12 месяцев назад2024, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.