Төлеген Момбеков "Салтанат" күйі, орындайтын - Болат Мажағұлов пен Ринат Ғайсин
|
16 комментариев
-
Cаттаросы ғажап күйді марқұм жерлесім, қазақтың айтулы ақыны Қанипа Бұғыбаеваның орындауында алғаш рет тыңдап едім (жатқан жері жарық болсын)9 лет назад
-
Марфуға ШапиянМаған да осы күй қатты ұнайды. Және Ренат Гайсин мен Болат Мажағұлов жақсы жаңғыртыпты.9 лет назад
-
Марфуға ШапиянКүй кімге арнап шығарылды екен?9 лет назад
-
CаттарҚоңыр мұң... Әлемде тек қазаққа ғана тән қоңыр мұң9 лет назад
-
Cаттарсуреткер дегеніміз, бір ыңғайда, соғысқа аттанған, сол соғысқа аттанғанның соңынан табалдырық бағып, аңырап қалған ана секілді... ұмытпасам, Аса-ағаң (Асқар Сүлейменов-ау деймін) айтқан осы асыл сөзді9 лет назад
-
ajar jalbagayevaНеткен ғажайып күй. Рақмет.9 лет назад
-
ЛәйләБұл ғажайып күйдің тарихы мынандай. Қазақтың арқалы/ осы сөзді айтсам артық етпейді деп ойлаймын/ перзенттерінің бірі - Төлеген Момбеков менің жерлесім. Төкеңді қазақ "шертпе күйдің шебері" деп дәріптейді. "Салтанат" күйінің тарихын айтып кетейін. Марқұм Төлеген атамыздың әйелі дүние салады. Сонда Төкеңнің бауырында енді тәй-тәйлаған Салтанат деген қызы қалады. Бала емес пе? Өлімді түсінбейді. Анасын іздеп жылайды. Әкесінің қойнына басын тығып, мөлдіреген көзідері жасқа толып, анасын аңсайтынға ұқсайды. Сонда Төкең қызы Салтанатпен бірге егіле отырып, кішкентайын әлдилеп ұйықтатып, осы бір қоңыр сарынды домбыраның үніне қосады. Содан сағыныш пен аңсау, зар мен құса, сабырлылық пен төзімділікке толы, естігеннің денесін дір еткізіп, ешкім білмейтін тереңде жатқан сырларын қозғайтын осы бір аса керемет, теңдессіз шығарма дүниеге келеді. Бұл күйдің тарихы осы.9 лет назад
-
ЛәйләЖатқан жеріңіз жайлы, топырығаңыз торқа болғай, күйші ата! Сізді ұмытпайтын, ұмыттырмайтын ұрпақ барда есіміңіз өлмейтіндердің қатарына кіріпті. Шүкіршілік! Тірісінде өте жұпыны, қарапайым өмір сүріп, еліне, жұртына сыйлы болған азамат! Мен Сізді мақтамаймын, Сізбен мақтанам!9 лет назад
-
ЛәйләСаттар, айналайын, бауырым! Рақмет. Көп жаса! Мен сіздің блогыңызды ашып отырып, мына кереметті көзім шалып, көз жасымды бір сығып алдым. Бұл күй - өнерді жоғары бағалайтын "истинные ценительдің", Төкеңді мақтаныш тұтатын созақтықтардың, сол сияқты исі қазақтың жүрегін тебірентеді екен.9 лет назад
-
ЛәйләАйтпақшы, бауырлар! "Сіз - Шымкенттіксіз бе?",- дегенде, "Жоқ, мен - созақтықпын" деп жауап беріп, менің туған топырағыма "Созақ деген мінез" деген мінездеме берген Асқар сұңқар Сүлейменов та менің жерлесім.9 лет назад
-
Cаттараса-ағаңың "бeсатары" қазақ прозасыдағы тың құбылыс, талмап оқисың, таңғажайып талат9 лет назад
-
ЛәйләСаттар, бауырым! Біз тағы да мына сайтты әдебиетшілердің пікір алаңына айналдырып жібермейік. "Әдептен озбайық" дегенім ғой.9 лет назад
-
Cаттаржақсы9 лет назад
-
ЛәйләДегенмен, мен әдебиетші емеспін. Менің жан-дүнием әдебиетші.9 лет назад
-
CаттармeH жақсы оқырмаH болсам, ол да олжа, "жүз жылдық жалғыздық" - ғасырда бір жазылаты шығарма9 лет назад
-
Cаттарбазарға продуктігe бара жатырмыH,9 лет назад
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 год назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 год назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 год назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 год назадДәурен добавил(-а) новую запись: "ҚАЗАҚТЫҢ күні НЕГЕ тәліптерге қарап қалуы мүмкін? ..."1 год назад2024, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.