"Ұлытауға шықтың ба, Ұлар етін жедің бе?"
"Ұлытауға шықтың ба, Ұлар етін жедің бе?"

Қазақта: «Ұлытауға шықтың ба, ұлар етін жедің бе?!» дейтін әйгілі сөз тіркесі бар ғой.. Осыны алғаш естігенде, астарынан бір ерекше аңсарды сезгендей болып едім. Кейін білсем, бұл біздің арғы-бергі шежіремізбен етене байланысып жатқан ұлы атау екен. Әбілқайырдан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібектің де ең алдымен осылай қарай тартқаны тегін емес. Мұнда сай-сүйегіңді сырқырататын үлкен сыр, қанға тартатын құбылыс жатқанын сосын барып түсіндім. Бұл - ежелгі жұрттың жұрнағын іздеп, туы құлаған Алтын Орданың мәңгілік мекеніне қарай ұмтылған табиғи түйсік еді. Кезінде осында отырған Кетбұға, Тоқтамыс, Едіге сияқты арғы аталарының аруағын аттап өтпейтін үлкен өнегеден туған бабаларымыздың беталысы болды. Ескі тарихи деректерде Ұлытауды алғаш тілге тиек еткен адам Геродот екен. Тамырдың (Тұмар да, Тамирис те емес, Темір болуы мүмкін. «Ис» деген грек тілнің жалғауы. Түрік халықтарының көбі оны – «Демир» дейді. «Ис» -ті алып тастасаң, өзімізге таныс, Темір, Тамыр деген таныс сөз шыға келеді) Кирдің (Кир де Алтайдан келген әулеттен шыққан) басын қалай алғанын жан-жақты баяндаған грек тарихшысы сақ ханшайымының парсылармен соғысқа да дәл осы арадан аттанғанын тәптіштеп тұрып жазады. Француз тарихшысы А. Тьери де Еділдің (Атилла) жаһан жорығын осы өңірден бастағанын атап өтіпті. Ордалықтардың жырғалаң жұрты болған қасиетті өлкені еуразия идеясының атасы саналатын гуманист-ғалым П.Н. Савицкийден артық ешкім ұлықтаған емес: «Қазақстанның інжу-маржаны Ұлытау мен Мұғалжар қандай ғажап! Бұлардың бәрі байтақ даладағы қорықтар, дамудың жәй ғана орталықтары емес, этностардың өсіп-өнген ортасы, «киелі орындардың» ең құдыреттілері!» деп жазыпты, жарықтық... Міне, біздің Ұлықтау осындай өлке! Жер жүзінің шаңын шығарған атақты қолбасшылардың барлығы дерлік осы жақтан өзінің ұлы миссиясын орындауға аттаныпты. Қазақ хандары да оны сондықтан айырықша қастерлеп, бабаларының бейіті сияқты санаған. Бұл - адамзат тарихына үлкен бетбұрыс жасап, бүкіл болмысы жылқымен біте қайнасып кеткен, әр ғасыр сайын атының тұяғының дүбірімен азғын әлемді шырт ұйқыдан оятып отырған ұлы жаугерлердің әуелгі жұрты, адамзатқа бірінші болып әуретін жабатын шалбар кигізіп, әскери өнердің әліппесін үйреткен жаужүрек батырлардың атамекені болатын. Осындай жердің ақырында қара шаңыраққа ие болып қалған қазаққа ғана құтты қоныс болып қалғаны да бекер емес, ТӘҢІРДІҢ тосын сыйы деп білемін.........

Жолымбет Мәкіштің Фейсбуктегі жазбасынан

CаттарCаттар
6 лет назад 4999
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137
Прямой эфир