Әсет Бектұр: Бақабизм интеллигенциялық сатанизмге айналады
Әсет Бектұр: Бақабизм интеллигенциялық сатанизмге айналады
Материялистік сана соңғы шегіне дейін дамып, шарықтау шыңына шығуы керек. Оған дейін уақыт бар. Сосын кванттық антиматериялды сана сезім дүние есігін ашады. Сол кезде материялистік танымға негізделген діни идеялогиялар екшеп, ажырайды.
 
Бақабизм деген ең бірінші "ішіміздегі ағым". Дінге деген материялдық таным- түсінік. Олда жоқтан пайда болған нәрсе емес. Адами болмысымыздың бір сипаты. Бақабизмге қарсы шығып жатқандар өзінің ішкі болмысындағы соғыс екенін білмейді. Ол — екі жүзділігіміз, екі тілдігіміз, ол....
 
Дүниенің даналары: Бүкіл әлем адамның ішінде, дейді. Бұл мәселені кванттық физика жақсы түсіндіреді. Сырттағы бақабизм иллюзия. Ішкі бақабизмнің сырттағы ақ фонға шағылысқан формасы ғана. Бақабизм әрқайсымыздың ішімізде тұр. Ол — ойлау формамыздың бір түрі, бір сипаты.
 
Ішіміздегі әлемді тек сырттан көріп тұрмыз.. Қарап тұрсаң бұл ішкі қайшылық, ішкі жанжал.
 
Бұл қара дүрсін материялистік таным кванттық дәуірдің қауыз жаруымен бірге келмеске кетеді. Оған дейін өзіміздің рухани, кванттық болмысымыздың құпия сырларын аша беруге уақыт бар..
CаттарCаттар
3 ай бұрын 489
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137