Әсет Бектұр: Есту қабілетінің кванттық концепциясы
Әсет Бектұр: Есту қабілетінің кванттық концепциясы
Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы, және ішкі құлақ. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Қалқанша жалғасып жатқан дыбыс күшейткіш канал бар. Оның ұзындығы 2,5 см, ал диаметрі 0,7см. Бір қызығы қай жаста болсаңызда канал көлемі саусағымыздан жіңішке болады. Бұл өлшем болмағанда құлағымызға саусығымызды тығып жіберіп зақымдап алар едік)).
Фортепианоның 240 ішегі мен 88 клавишы болса, ішкі құлақтың ішінде 24 000 ішегі мен 20 000 клавиші бар. Бір секундтың ішінде 20 000 дыбысты танып, түсіне алады екенбіз. Аудиотехниктер: біздің құлағымыз ең жоғарғы технологиямен жасалған құрылғы, деп жатыр.
2001 жылы ғалымдар ішкі құлақтан бұған дейін ешкім білмеген мониторлы нәруыз тауыпты. Зерттеушілер оны престин (prestin) деп атаған. Ол дыбысты 10 000 есеге дейін ұлғайтып, кез келген жуан дыбысты жіңішкертіп, ал, жіңішке дыбысты жуандата алады екен. Егер айналамыздағы шуылдың бәрін бір уақытта ести берсек миыңыз жарылып кетер еді. Сондықтан кей дыбысты естіртпей фокустап қояды. Соның арқасында бейсаналы түрде жаныңызда отырған адамның дауысын ғана естисіз. Көліктердің датчиктерінің қызметіне ұқсайды))
Таң қаларлығы престин бір секунд ішінде асқан жылдамдықпен миға хабар жеткізетін желі, арна екенін анықтаған.
Құлақ дегенде дыбыс еске түседі. Дыбыс деген не? Дыбыс – толқын. Кеңістік шексіз дыбыстан тұрады. Сонда құлақпен кеңістікті естуге бола ма?)) Болады. Бірақ ішкі құлақпен ести аламыз.
Ішкі құлақ деп абстракция жасауға болмайды. Анықтап айтқанда ішкі болмысымыз, руханиятымыз естиді. Жан дүниемізде Жаратушының "Сәмғ" деген сипаты бар. "Естуші" деген сөз.
Рухани ілімдерде "есім сипаттармен үздіксіз байланыста тұрамыз" деп айтылады. Бұл руханияттан келетін қуат. Рухани қуатты өлшеу мүмкін емес қой. Ал материялдық бес сезімге келетін ақпараттың ағынын ғалымдар есептеп шығыпты.
Проф.Тиллер: Адам бес сезім ( есту, көру, дәм сезу, сипап сезу, иіс сезу) арқылы секундына 50 миллион бит ақпараттық ядро ағынын қабыл алады. Оның 50 битін ғана өңдеп, сүзгіден өткізеді, дейді.
Сырттан сезген, қабылдаған нәрсеміздің бәрі біздің ішкі реакциямыз ғана. Өмірді ішкі руханиятымызбен ғана сеземіз.
Рухани қабілет құлағымыз сияқты пайдалануға берілген мүмкіндік. Бір өкініштісі оны пайдалану керек деп те ойламаймыз.
Мектеп бағдарламасында дыбысты материя деп түсіндіреді. Шындығында дыбыс - бөлшектер қозғалысының бір түрі ғана. Теледидарда көрсетіліп жатқан "Шрек" экрандағы сәуле қозғалысының бір түрі. Егер біз сәулені материя дейтін болсақ, онда экрандағы Шректіде материя деп қарау керепіз.
Қарап тұрсаң дыбыстың қапайым болмысының өзінде кванттық мән жатыр. Жалпы рухани әлемді алыстан емес, өзімізден іздеуіміз керек. Кәдімгі дыбыс материядан көрі, энергиялық, рухани сипаты басым.
Біздің кемшілігіміз шынайы шындықты 5 материялдық сезімнен тыс қабылдай алмаймыз. Сондықтан кванттық физика құпиясын толық ашпай тұр..
CаттарCаттар
4 жыл бұрын 1532
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137