Бақыт – ақшада емес екен
Бақыт – ақшада емес екен

 …Күйеуім екеуміз қаладағы арзан асханалардың бірінде түскі ас ішіп отырдық. Ол маған сүйсіне қарап, сезімін айтып отырды. Ол мені шын сүйді, ал мен оны.. Күйеуім — бойшаң, ірі денелі, өте сымбатты жігіт болатын. Мен оны — жанымнан артық сүйдім. Бірақ, біздің отбасы жағдайымыз өте нашар еді. Күйеуім қарапайым құрылысшы болғандықтан, жалақысы 50.000 теңгеден аспайтын. Мен оған, ескі көйлектер ұсқынымды бұзып тұратынын айтып, қатты қысылушы едім. Ал күйеуім «Уайымдама жаным, бұл күндер артта қалады! Мен сені қымбат мейрамханаларда тамақтандырып, ең қымбат көйлектерді кигізіп, ең әсем әшекейлерді сыйлайтын боламын! Сен бақытты боласың!» деп мені жұбатушы еді. Өкінішке орай, бұл арманы орындалмады. Себебі, ол жұмыс орнында — басына тас құлап, қайтыс болды. Ол менің өмірімдегі ең ауыр күн еді..

Одан бері 12 жыл зулап өте шықты. Басқаға тұрмысқа шыққан жоқпын! Қазір өз кәсібім бар. Сұлулық салонын басқарып отырмын. Қаншама қымбат көйлектерді киіп, қымбат мейрамханаларда тамақтанып, ең әсем әшекейлерді де тағындым. Бірақ, жанымда күйеуім жоқ! Мен оны қатты сағынғанымды түсіндім.. Бақыт — ақшада емес екен. Жаныңда сүйіктің болса, соның өзі бақыт екен! Сіздерге айтарым, сүйіктіңізді бағалаңыз, бар қиындықты бірге жеңуге тырысыңыз..

 alashainasy.kz

CаттарCаттар
9 жыл бұрын 4940
2 пікір
  • тұяғы бүтін тұлпар жоқ
    қанаты бүтін сұңқар жоқ
    9 жыл бұрын
  • Бойыңдай бой табылғанмен, ойыңдай ой табылмайды...Бірісі кем дүние...
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137