Bekzat Bolatuly: Түнгі ұйқыны ұрлаған ойлардың №2 демо~версия
Bekzat Bolatuly: Түнгі ұйқыны ұрлаған ойлардың №2 демо~версия

Айнаға қарап өзіңнің классикалық, спорттық, романтикалық, не болмаса тағы басқа стильде киінгеніңді көруге болғандай, діни сеніміңе қарап өзіңнің христиан, мұсылман, буддист, не болмаса тағы басқа діннің өкілі екеніңді білуге болады. Бірақ, үстіңнен шығатын жағымсыз иісті айна арқылы емес, өзіңнің мұрның арқылы сезе алатыныңдай, бар болмысыңды дін арқылы емес, өзіңнің ізденісің арқылы біле аласың.

Кейбір жанның иманы жердегі жатқан нанды көтеруге итермелейді. Кейбір жанның ұлтшылдығы жердегі жатқан тиынды көтеруге мәжбүрлейді. Бірақ, көптеген адамның өресі адамзатқа зиянды болатын қоқысты көтеруге жетпейді.

Идеология мен жүйе смартфонның батереякасы мен зариядкасы сияқты. Сізде елді біріктіретін идеология болуы мүмкін, бірақ, жүйе болмай ол идеология зариядкасы жоқ смартфондай. Ал, елді жүйесіз идеология күшімен біріктіріп, жалынды сөзбен мотивация беріп ұстамақ болу, смартфонның батареякасын Power bank арқылы зариядтау сияқты болады.

Бұл замандағы бірәз адамдардың ақылы онлайн ақша табуға жеткенімен, өресі онлайн қал сұрауға жетпейді.

CаттарCаттар
3 жыл бұрын 2052
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137