Сен таңқалдырып келесің мені...
Сен таңқалдырып келесің мені...

Қытай дегенде арзанға малданған, ештеңеден жиіркенбейтін, тіпті, адам бейнесіндегі ханзулар көз алдыма келетін. Несін жасырайын, бұл қалыптасқан жаңсақ ұғымнан арыла алмай келемін, әлі күнге. Әлі күнге олардың да жоғары технологияға, өнердің асқар шыңына қол созған бейнесімен ұштастыра алмай сарсаңға түсетінмін. Мен... тек драматизмге толы кәріс фильмдерінен көз айыра алмаушы едім, мен... ұйықтап жатып жұмулы жанарынан жас сырғыған ұйқыдағы адам секілді қытай картинасын тамашаладым, мен қытай әлемін ептеп ашып келемін, мен... 2019 жылы түсірілген "Беглецы с острова" (реж. Ма Бентенг) фильмі қытай киноиндустриясының елеулі жетістігі - эпизодтық тәсілмен берілген әрі бұл тәсіл мейлінше өз-өзін ақтаған. Ең бастысы - таңдаған қаруы мен құралы мұратына жеткізіпті. Мынау қалыпты өмірден жұлып алып, дөйдалаға лақтырып жібергендей әсерден арыла алмай қаласыз. Сіз - енді басқа адамсыз! 

CаттарCаттар
4 жыл бұрын 1898
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137