Бір кітаптың өзегі
Бір кітаптың өзегі

Наурыздың жылымығындағындай мен елжіреп еске алатын екі кітап болса, екінің - бірі, біреу болса, соның нақ өзі бұл кітапты білетіндердің қарасы көп. Тек даңқынан гөрі дақпырты басым мына заманда бар айырмашылығы: біреу біліп айтады, біреу білмей даурығады. Өкініштісі, білмей құр дүрмекке ілесетіндердің қарасы көп. Қарның ашатыны осыдан - үйлесім болмаған жерде не барқадар табасың. Ішіп отырған асыңның дәмін сезіп, ләззат алуың үшін асты аузыңа тықпалай бермейтінің секілді немесе кірпіш болып дүниеге кетігін тауып қаланудан да мағынасы кең үйлесімнің өзі әлеммен тұтасып кету емес пе?! Тұтас ағзаның бөлінбес бөлшегіндей аяулы сезімді басынан өткергендер ғана түсінер бұл ақиқатты... Ендеше, гармония дегеніміз, әлеммен тұтасып кету екен ғой...

Замана зарын жеткізген, сонысымен заңғар Ш. Айтматовтың "Боранды бекеті" ("Ғасырдан да ұзақ күн") романында эпиграф ретінде алынатын "Бұл кітап менің тәнім дегейсің, Бұл кітап менің жаным дегейсің" - дәл осы кітапқа келгенде мына сөздің құр ұран емес, болмысыңа айналып кететініне айран-асыр қаласың. 

"Наурыздың жылымығындай" деп қалдым ғой басында. Мен сөз етіп отырған кітап та осындай естелікпен басталмаушы ма еді. Атуға суықтан тершіген қабырғаға тұрғызып қойғанда наурыздың кешінде ауылға келген сығандар арасына әкесінің өзін ертіп барғаны есіне түспей ме. Ең бақытты кезі сол қайғысыз-қамсыз балалық шағында қалып қойғанын түйсінбеуші ме еді. 

Жазушының шығармашылықта, оны былай қойғанда, әр кітабында, ол ол ма, әр сөйлемінде арқалайтын ауыр жүгі болады... Әр тағдыр өзінше бір өрнек тауып, жүлге қуалайтын бұл кітапта сол әр тағдырдың ортақ түйісер бір өзегі бар: жалғыздық - салдары ғана, махаббатын таппаған бейбақтар туралы; 

(жалғасы бар)

 

CаттарCаттар
7 жыл бұрын 3031
1 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137