Cаусақ ізінің қалыптасу процесі түсіндірілді
Cаусақ ізінің қалыптасу процесі түсіндірілді

Саусақ іздерінің бір-бірін қайталамайтын бірегей үлгілері ұрықтың дамуы кезінде бір-бірінен пайда болатын, таралатын және соқтығысатын кішкентай жота-қырқалардың толқындары арқылы жасалады. Яғни, толқындар арасындағы қақтығыс саусақ ізінің анық үлгісін қалыптастырады. Бұл жайында islam.kz порталы бұл тараптағы зерттеу тұжырымдамасы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл сөзімізге Сантандердегі (Испания) Кантабрия биомедицина және биотехнология институтының Мариан Росс бастаған ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижелері дәлел бола алады. Әдетте саусақ іздерінің өз міндеттері бар, атап айтқанда, қандай да бір нәрседен ұстағанда жабысу (бекіту) функциясын атқарады әрі қандай да бір затпен жанасқанда сезімталдықты арттырады. Саусақ ізінің өрнектері адамды тану жүйесінде тұлғаның жеке басын анықтау үшін қолданылып келеді, бұдан бөлек, организм дамуының кей жағдайларын диагностикалау үшін де пайдаланылады. Өткен жылы саусақ іздерінің қалыптасуына ықпал ететін гендердің табылғанын жазғанбыз (қараңыз: «Саусақ ізі адамның генімен байланысты болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sausaq-izi-adamnyn-genimen-bailanysty-bolyp-shyqty-16287/#gsc.tab=0). Алайда, бұл гендердің саусақ іздерін қалыптастыру процесіне тікелей қатыспайтынын да айта кету керек. Мұндай процестің зебрадағы жолақты немесе қабыландағы дақтарды қалыптастыратын процеске ұқсас келетінін анықтап отыр. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесінде саусақ ұшындағы өрнекті қалыптастыратын жоталар мен қырқалардың түзілуіне ықпал етіп, ынталандыратын және тежейтін екі ақуызды анықтады, дәлірегі, олардың өзара әрекетінен осындай жота-қырқалар пайда болады. Бұл ақуыздар үш түрлі аймақтан пайда болатын  толқындар тудырады:

-        Саусақ ұшы;

-        Оның орталық бөлігі;

-        Бүгілетін саусақ ұшына тақау қатпар.

Зерттеушілер тобы бұл процесте моделдеп көрген екен: осы үш жерде толқындардың басталу уақытын, бұрышын және нақты орнын өзгертіп, доғаларды, ілмектер мен бұрылыстарды жасады. Бұл жайт толқындар соқтығысып, әртүрлі үлгілерді қалыптастыруға көмектесетін турбуленттілік тудырады. Осылайша толқындардың қақтығысуынан адам саусағының өрнегі пайда болады. Анатомиялық зерттеулер мен гендік белсенділікті талдау нәтижесі жота-қырқаларды түзетін жасушалардың бастапқыда шаш фолликулына ұқсайтын жолмен дамығанын көрсетті. Десе де фолликулдың гендік белсенділігінен айырмашылығы – жота-қырқа түзетін жасушалар тері бетінің терең астына ене алмайды.

Ұқсас материалдар:

«Саусақ ізі адамның генімен байланысты болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sausaq-izi-adamnyn-genimen-bailanysty-bolyp-shyqty-16287/#gsc.tab=0);

 

CаттарCаттар
2 жыл бұрын 1349
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137