Жеке әскери компаниялар туралы аз-кем дерек
Жеке әскери компаниялар туралы аз-кем дерек

Интернет дерек көздерінің мәліметіне қарағанда, жеке әскери компания (ЖӘК) – күзетумен, қорғаумен, барлаумен, стартегиялық жоспарлаумен, логистикамен және кеңес берумен айналысатын коммерциялық әскери компания. Тарихта қырғи қабақ соғыс деген атпен танымал саяси әрі әскери текетірес кезінде ЖӘК-тің көбісі АҚШ-та, Ұлыбританияда, Израилде, Францияда, Данияда, Белгияда және Оңтүстік Африка республикасында құрылды. Алайда, олардың қызметі мемлекет және арнайы қызмет тарапынан қатаң бақылауда болды. АҚШ-тағы ЖӘК-тер Ауғанстан мен Иракта белсенді әрекет еткен болатын. Техас техноологиялық университет (TTU) сарапшылары 2019 жылы бұл тарапта бірқатар зерттеу жүргізе келе Ирак пен Ауғанстандағы әскери операцияларда әрбір төртінші сарбаздың ЖӘК құрамында болғанын анықтады. Әдетте әскери сарапшылардың пікірінше, ЖӘК-ті мемлекет әскери операциялардың нақты құнын қоғам наразылығын тудырмас үшін төмендетіп көрсету мақсатында пайдаланады. Әсіресе, адам шығыны көп әскери операциялардағы жауапкершілікті ЖӘК-ке аударып жататыны айтылған. The Economist мерзімді басылымының жазуынша, әлем бойынша ЖӘК-тің ХХІ ғасырдың алғашқы он жылында жаһандық қызметі 100 млрд доллардан асып кеткен. Мәселен, АҚШ-тағы ACADEMI танымал жеке әскери компанияның қызметінің 90%-ы мемлекеттік тапсырыстан тұрған. Ал Сириядағы және африкалық өзге елдерде, сондай-ақ, Украина соғысында қатыгездігімен, қаныпезерлігімен көзге түскен «Вагнер» ресейлік әскери компанияның 2022 жылдың мамыр айынан 2023 жылдың мамыр айына дейінгі бюджеті 86,3 млрд рублге жеткен. Бір ғана Қытайда 2017 жылы 5 мың ЖӘК тіркелген. Олардың қатарында 4,3 млн-нан аса адам қызмет еткен. Алайда, қытайлық ЖӘК-тің тек жиырмасы (шамамен 3,2 мың адам) ғана шетелде әрекет еткен. ЖӘК рөлі Түркияда да артып келеді. ЖӘК негізінен әскери дайындықпен, әскери барлаумен, логистикамен, қарулы нысандарды күзетумен, елшіліктерді қорғаумен, кен орындарын, зауыттарды, энергетикалық нысандарды, әскери базаларды, қоймаларды, т.б. күзетеді. Әскери операция жүріп жатқан аймақта тасымалданатын тиісті жеріне жүкті жеткізумен, минадан тазалаумен, жарылмай қалған қаруларды залалсыздандырумен, оқ-дәрілерді жоюмен де шұғылданады. Десе де олардың құқықтық бағасы әлі нақтыланбаған, өйткені, қазіргі халықаралық әскери құқықтық нормалар ЖӘК-тің геосаяси аренада маңызды рөл ойнамайтын тұста қабылданған. Африка құрлығында ресейлік «Вагнер» ЖӘК-тен бөлек америкалық CACI және Constellis, британдық Aegis Defence Services және G4S, француздардың Secopex, немістердің Asgaard ЖӘК-тері бар. Десе де олардың қарасы қанша екені айтылмайды. Өйткені, жергілікті саяси күштер мұндай әскери жалдамалы құрылымдармен байланысы барын жасырып бағады. Қоғам наразылығын тудырмасы үшін. Десе де Африкада соңғы жылдары қытайлық ЖӘК-тердің белсенділігі артып келе жатқанын айтуға болады. Қытай билігінің ғаламдық «Бір белдеу – бір жол» жобасы бұл құрлықтағы экономикалық экспанциясын арттырып жіберді. Африка құрлығындағы 54 мемлекеттің 52-мен түрлі жобалар бойынша келісім-шартқа отырған Қытай өз бизнесі мен қаржысын қорғау үшін мұндай әскери құрылымдардың көмегіне жүгінеді. Африка аумағында 10 мыңға тарта компания мен 2 млн-дай қытай жұмысшысы бар. Олар инфрақұрылым, құрылыс, өнеркәсіптік өндіріс, пайдалы қазба өндірісі секілді стратегиялық маңызды салаларда жұмыс істейді. Қытай жұмысшыларын ұрлау жергілікті қарақшылардың қаржы көзіне айналған. Қытай корпорациялары қызметкерлерін құтқару үшін немесе олардың қауіпсіздігі үшін қаржыны аямайды. Жергілікті құқық қорғау органдарының қызметіне сенбейді, өйткені, ішкі тұрақсыз саяси ахуалдан немесе түрлі топтардың мүдде қайшылығынан қақтығыс жиі орын алатындықтан қытай жұмысшылары екі оттың ортасында қалып жатады. Негізінде Қытайда ЖӘК қызметіне тыйым салынған. Олардың барлығы елдің қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің қатаң бақылауында. Қытай билігі тек 20 ЖӘК-ке шетелде жұмыс істеуге рұқсат берген. Алайда, оның кем дегенде оны Африка құрлығында: Beijing DeWe Security Service, Hua Xin Zhong An Group, Shandong Huawei Security Group, China Security Technology Group, China Overseas Security Group, Frontier Services Group, China Overseas Security Service, VSS Security Group и Zhongjun Junhong Security Service ЖӘК-тері. Ресми мәлімет бойынша шетелде ЖӘК құрамындағы 3200 қызметкер бары айтылады, алайда, сарапшылар бұл деректің шындыққа сәйкеспейтінін алға тартып отыр. Бір ғана Кенияның өзінде Момбас-Найроби-Найбаша теміржол құрылысын күзетумен DeWe ЖӘК-нің 2000 қызметкері айналысады. Дегенмен, Қытай билігі ЖӘК құрамындағыларға қару ұстауға тыйым салған, тек Африка суларындағы қытай кемелерін күзететін немесе қорғайтын Overseas Security Guardians және Hua Xin Zhong An Group ЖӘК-теріне ғана қаруды пайдалануға рұқсат берген. Мәселен, 2016 жылдың шілде айында қару ұстауға рұқсаты жоқ DeWe ЖӘК үкімет және оппозицияның қақтығысы кезінде Оңтүстік Судан астанасы Жубадан 300-ден көп қытай мұнайшысын қауіпсіз жерге көшіру үшін жергілікті қарулы сақшыларды жалдаған болатын. Ал басынан бақайшағына дейін қаруланатын, мақсаты мен міндеті бөлек ресейлік жалдамалыларға қарағанда қытай құрылымдары халықаралық жанжалдардан аулақ болу үшін жергілікті жалдамалылардың көмегіне жүгінеді. Соңғы жылдары Африка құрлығында түріктің Sadat International Defense Consultancy (2012 жылы құрылған) ЖӘК белсенділік танытыпп жүр. Ресми деңгейде SADAT — түріктердің алғашқы әрі бірден-бір жеке әскери компаниясы. Ол консалтингтік қызметін ұсынады, жергілікті сарбаздарды әскери іс-қимылдарға баулиды, халықаралық қорғаныс саласында және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде логистикамен айналысады. Түріктердің бұл әскери құрылымы Украинада, Таулы Қарабақта, Либияда ұрыс қимылдарын жүргізуде кәсіби шеберлігімен көзге түсті. Сарапшылардың пікірінше, SADAT Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жеке әскери құрылымы. 2016 жылғы мемлекеттік төңкеріс кезінде наразылықты басуға атсалысқан. Бұдан бөлек, 2016-2022 жылдары SADAT-тың негізін қалаған Аднан Тәңірберді Түркия көшбасшысының бас әскери кеңесшісі қызметін атқарған. Дегенмен, Режеп Тайып Ердоған бұл ақпаратты теріске шығарып келеді. SADAT сарбаздары Сомали мен Катарда жұмыс істейді, бұдан бөлек, либиялық көтерілісшілерді және Сирия оппозиясын  әскери машыққа дағдыландырған. Ол ол ма, 2022 жылдың күз мезгілінде өз жалдамалыларын Пәкістан мен Үндістан арасындағы жер дауына себеп болған Кашмир аймағына аттандырмақ болған. Түркияның Африка елдерімен арадағы әскери ынтымақтастығы артып келеді: 2021 жылы түріктердің әскери техникаларының экспорты бес есе өскен. SADAT-тың негізін қалаған Аднан Тәңірберді 2019 жылдың өзінде америкалық үлгіні қабылдауды ұсынған еді: жалдамалылар Африкада әскери тапсырмаларды орындайды, ал ресми қарулы күштері ел қауіпсіздігіне тікелей жауапты болады. Түркия әскери держава. Түркиядағы мемлекеттік төңкерістердің дені әскерилер қолымен жүзеге асырылмақ болған. Осыны ескерген Аднан Тәңірберді түрік билігін мемлекеттің құзыретін әскери құрылымдарға күшейтуді көздейтін заң жобасын дайындауды бастама етіп көтеріп келеді. Бұған қоса, Ресейдің «Вагнер» ЖӘК-нің бүлігі де сабақ болуы тиіс. Алайда, Режеп Тайып Ердоған жеке әскери компаниялардың қызметін заңдастыруға аса сақтықпен қарайды.

CаттарCаттар
1 жыл бұрын 16180
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137