Еріншектің 10 сылтауы
Еріншектің 10 сылтауы

«Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны» деп ұлы Абай бекер айтпаса керек-ті. «Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады» деп тағы жалғайды. Иә, расында да қай істі болса да кейде орындауға қиынсынып, ертеңге ысырып тастаймыз. Мұның соңы еріншектікке апарып соғады.

Еріншектік – адамға зияннан басқа ешнәрсе әкелмейтін, абырой әпермейтін жаман қасиет. «Диқаншы нанын жейді, еріншек арын жейді» демекші, жалқаулық – жүректің тынышын, тәннің тынысын бұзатын дерт. Ал еріншектің сылтауы көп. Тіпті, дайын тұрады десек те қателеспейміз. Ендеше осы тұста біз білетін 10 сылтауын айта кеткенді жөн санап отырмыз.

 

Еріншектің ертеңі таусылмас. Кейде көп жұмысты кейінгі шегеріп жатамыз. Тіпті, "келер аптаның дүйсенбі күні бастаймын" - деп өзіңе уәде беріп те қоясың. Орындасаң - жеңгенің, орындамасаң осылай жалғаса береді. Бұл - бірінші сылтауы.

 

Еріншектер көбіне "ұйқы қанбай, жұмыс өнбейді" деген қағиданы берік ұстанады. Шын мәнінде бұл сылтау болса, олар үшін "алтын қағида". 

 

Кей адамдар сұраққа жауап беруге ерінеді. "Жауабын жеткізе алмаймын, уақытымды алады" - деп ойлайды. Бұл - сылтау ғана. Біліп тұрсаң, неге өзгеге айтпасқа?!

 

Еріншек - нағыз импровизатор. Оның сылтауы кез келген уақытта дайын болады.

 

Еріншек таңертең киімін үтіктеуге де ерінеді. "Осы маған кім қарайды дейсің?" - деп мыж-мыж күйінде киіп жүре береді.

 

Еріншек бастаған ісінен тез зерігеді. Кейде аяқтауға зауқы соқпай (еріншектігі ұстап), достарына өтініш білдіреді. Әйтеуір, бір сылтау тауып, "жасап бере салшы" - деп қиылады...

 

Еріншектер бірінші болып тәуекел жасауға, алға қадам басуға асықпайды. "Бірінші сол істесін, сосын көреміз" - деп жүре береді. 

 

Еріншектер сабырсыз келеді. Жұмысты бастағанда дегбірі қашып тұрады. Бір істі аяқтамай, екіншісін бастап кетеді. Ақырында екеуі де аяқталмай қалады.

 

Еріншек көп тұста бас ауыртқысы келмейді. Өзгенің айтқан ойына қосылып, соны мақұлдауға дайын тұрады. 

 

Еріншек алға қойған мақсаттарына уақыт шектемейді. Ол үшін, әйтеуір бір күні орындалады...

Қақаған қыста жылы көрпенің астына кіріп алып, ашылып кеткен есікті жабуға ерініп, ақыры үсіп өлген екі бала туралы әңгіме есіңізде шығар? Желкемізге жармасқан еріншектік етегімізден тартып, жақсы істерді тындыруға мұрша бермей жататыны да жасырын емес. Ол үшін осы 10 сылтауды түбегейлі ұмытқанымыз абзал. 

Ал сіз осы сылтауларды қолданасыз ба? Жасырмай айта отырыңыз. Бірге арылайық!

Әзірлеген: Өмірбек Сансызбай

CаттарCаттар
9 жыл бұрын 7278
3 пікір
  • Баршылық(( Ең алдымен, өзіңмен қоса айналаңдағыны өгерту керек деп ойлаймын. Айналаңдағы адамдардың да маңызы өте зор! Менде қате ой болса Аллаһ разылығы үшін түзеп, қосатын жерлер болса қосып қоярсыздар?)
    9 жыл бұрын
  • Ас саляму алейкум, жамағат! Ой, құрысын! Сонда менің еріншек болғаным ба?
    9 жыл бұрын
  • Мен мұны жасым бірталайға келгендіктен шау тарттым деп жүрсем....
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137