Haidar Alphy - Украина соғысы айқындаған факторлар: ....
Haidar Alphy - Украина соғысы айқындаған факторлар: ....
1) Соғыста адам факторы, әсіресе әскерилердің жауынгерлік рухы, басшылықтың ұйысу-ұйыстыру қабылеті мен тұрақтылығы, мемлекетке адалдығы дегендер шешуші рөл ойнайды.
 
2) Бейбіт кезде қойманы қару-жараққа толдырып қою керек, ұсақ қарулардан бастап, ірі жойқын қаруларға дейін бейбіт кезде қор құру кажет. Әскерилер де жаттығып, сергек отыруы керек.
 
3) Әуе шабуылы мен әуе қорғанысына талап барынша күшейді. Шабуыл Дроны ғана емес, маңызды нысандарды сергек әуе қорғаныс жүйесімен қауіпсіз етудің мәні ерекше зор.
 
4) Гибридті соғыс жүргізуге тура келеді, кибершабуыл да, ақпарат шабуылы да, саяси келіссөз тактикасы да, тіпті фейкнюз да рөл ойнайды.
 
5) Интеллектуалды дәлдіктің мәні артты. Атқылай беру, зор күшпен басып кіру ештеңені шешпейді, егер интеллектуалды дәлдік болмаса бәрі уақыттық алқыну мен жұлқыну ғана болады. Атқан оғың ғана емес, бүкіл жоспарың, қимылың түгел интеллектуалды дәлдікте жүйелі болуы керек, ысрап оқ, ысрап қозғалыс, ысрап уақыт бәрі де жеңіліске себеп болады.
 
CаттарCаттар
1 жыл бұрын 1619
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137