Жігіттердің қыздар жайлы қызық ойлар
Жігіттердің қыздар жайлы қызық ойлар

Ер адамдардың ойынша, әйелдер қауымы өте нәзік, бірақ мықты. Дегенмен көбісі әйел адамды түсіну қиын деген сөзді жиі айтады. Бүгін біз сіздерге қыздар қауымын мейлінше түсінуге тырысып, оларға сипаттама берген жігіттердің «супер» пікірлерін ұсынбақпыз.

- Қыздар өздерін шаш кептіргіш пен шаш түзегішсіз елестете алмайды-ау деймін.

- Қыздар телефонның арғы жағынан бөтен жігіттің даусын ести қалса, дауыс тонын жіңішкерте салады. Егер ол ағасы немесе әкесі болып шықса, қайта өз даусымен сөйлей бастайды.

- Қыздар енді кездесуге шақырған жігітке бір минутта-ақ «ойша үйленіп» алады.

- Қыздар бізден тырнақтарын қандай түспен бояйтынын сұрайды.

- Қыздар кейде бізді қызғандырамын деп құрбыларына бөтен жігіт болып телефон соғуын талап етеді.

- Қыздар бізді дүкенге апаруға құмар. Біз үшін бұл зорлықпен тең екенін білсе де...

- Қыздар біздің көтеріп алғанымызды ұнатады. Сонда да «Түсір деймін. Ауырмын ғой» деп қиғылық салады.

- Қыздар біздің үнсіз қалғанымызды ұнатпайды.

- Қыздар бір жаққа баратын болса үш сағат бұрын дайындалады да, «Көрдің бе, мен сенен әлдеқайда ерте дайын болдым» деп мақтанады.

- Қыздар біздің автокөлігімізде қасымызға отырып алып, аузы жабылмай әңгіме айтқанды жақсы көреді.

- Қыздар біздің көзіміздің қай нысанаға түсіп тұрғанын жақсы біледі. Көшеде бір сұлу қыз кетіп бара жатса, бірден біздің көзімізге қарайды. Мұндайда қап-қара көзілдірікпен отырудың пайдасы көп.

- Қыздар қоңырау соға бергенді жақсы көреді. Көтере алмай қалсаң, біттің. Демек сен «Басқа қызбен қыдырып жүрсің!»

 

massaget.kz

 

CаттарCаттар
9 жыл бұрын 5227
4 пікір
  • Қызық екен,маған 90% сəйкес келмейді,дегенмен өзім танитын сіңілдерімнің солай екенін көріп жүрмін.
    9 жыл бұрын
  • осындай қылықты қыздарымыздан айналып кетсең болмай ма
    9 жыл бұрын
  • Соны айтам,менің мінезім ауыр болар...)))
    9 жыл бұрын
  • әлемде әйелге тең келетін жаратылыс жоқ, олар ана, олар қылықты қыз, олар парасат иесі
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137