Мен мына кісіден мұндайды күтпеп едім
Мен мына кісіден мұндайды күтпеп едім

Нұртас Адамбайды еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін таниды десек, артық айта қоймаспын. "Келинка Сабинасы" арқылы. Комедия жанрында түсірілгендіктен ұлттық таным мен түсінікке қайша келетін тұстарына көз жұма қарайсың, алайда, Нұртас Адамбай былайғы жұрттың санасында "сайқымазақ біреу" ретінде қашалып, таңбаланып қалды. Бұл сөзімді ешкім өтірік дей алмайды. Нұртас Адамбай дегенде расында да көз алдымызға өзі сомдаған келинка Сабинадан алысқа кетпеген дүбәра жігіт елестейді. Жалпы отандық кинематография тәуелсіздік алған жылдан бері ауыз толтырып айтатын жетістікке жеткен емес, ол ол ма, бірқыдыру "Шал" (Ермек Тұрсынов), "Жаужүрек мың бала" (Ақан Сатаев), т.б. картиналар айналып келгенде Голливудтың бейшара көшірмесі болып қалған. Былайша айтқанда, голливудтық штамптан аса алмаған. Қазақ киносы ауыр кезеңнен өтіп келеді. кәсіпқой фильмге шөліркеген жұрттың таным-талғамы әлдеқашан өсіп кеткен - отандық фильмдер арқылы емес, өкініштіісі, әлемдік киноиндустрия өнімдерімен. Кино - аса қуатты идеологиялық қару, аса қуатты жұмсақ күштің бір тармағы. Оған түрік пен кәріс сериалдары дәлел бола алады. Мен киносыншы емеспін, алайда, қатардағы қарапайым көрермен ретінде өз пікірімді білдіріп отырмын. Алайда, Нұртас Адамбайдың 2018 жылы түсірілген "Лифт" (орыс тілінде) картинасы қазақ кинематографиясын мүлдем жаңа белеске алып шыққан, ұялмай, мақтанышпен әлем жұртына ұсынуға болатын бірегей туынды. Басты рөлді сомдаған Исбет Абилмажиновтың өзіне жүктелген рөлді абыроймен алып шыққан. Шын мәнінде, шедевр - психологиялық драмасы арқылы отандық кинематографияда өшпес із қалдырды. Құбылыс, жай ғана құбылыс емес, тосын құбылыс! Бәлкім, асыра мақтап жібердім, бірақ, шыным - осы. Аталмыш картина - тек қазақ жұртында ғана емес, күллі Орта Азияда теңдесі жоқ туынды. Әсерінен айыға алмай, әлі таңқалып отырмын... Әзірге айтарым - осы!

CаттарCаттар
2 жыл бұрын 1927
4 пікір
  • Ассалам алейкум уа рахматуллахи уа баракатух ! Қалың ел Казағым. Мен еки баланын Анасы Алдарыңызда Көмек сұрап алдарыңызда отырмын. Көктем айы келгенмен жанбыр, қар жауып жылынбаған уй таң атқанша ызғып суып кетеді. Әйтеуір өртеуге келеді деген заттардың бәрін пешке салып әрең жылытып аламын. Қандастарым! ,Алланың разылығы үшін қол ұштарыңызды созыңыздаршы.Көп түкірсе көл дейді ғой.Амалым барма менің қапыда Арқа сүйер асыраушымнан,балаларымның әкесінен айрылып қалдық. Бар ауыртпашылық менің мойныма түсті. Жалғыздың үні шықпас деген бір өзім қалай балаларымды аяғына тұрғызамын деген уайым әбден уайымға салдырды.Ана қай кездеде баласы үшін өмір сүреді емес пе? Өлімнен Ұят күшті деген мен сол ұятымды жыйып койып Көмек сұрап алдарыңызда отырмын.Әттең, Денсаулығым да жақсы емес.Бүйрегім ауырып тұра алмайтын жағдайға жеттім.Ауырып сорламағанда көмек сұрамас едім. Көмек сұрады деп ұрысып ауыр сөз жазбаңыздаршы.Маган каншама улкен кісілер звондап мазақ етіп звондайтынды шыгарды.Өлді деген қағазды моргка барып алудың өзі қандай қыйын азап екенін білмейді ме екен? Менде Құдайдан сұрап алғаным жоқ қой? Өлім мен Ауруды.Жаным қысылғанан көмек сурап интернет парақшасында мейрімді жандардан көмек сұрап жүрмін. Кәзір Жалдамалы времянкада тұрып жатырмыз.Ұлтарақтай жер бұйырмай ар орыс пен ұйғырдың времянкасын жалдап күнелтіп жүрміз.Балаларым өсіп қалды жесірдің баласы деген аздай уйсіз қаңғып жүргеніміз өте уайым абден жанымды жеп болды.Тамақ аламын деп ,дүкенге де қарызым асып кетті.Емделуге коп қаражат керек екенін мен айтпасамда барлық адамдар біліп отырған шығар? Ауруымнан емделмейінше осылай қыйналып жүремізбе деп уайымдаймын.Балалардың киімдерін бір түгендей алмай отырмын. Балаларымнын болашағы үшін шырылдап көмек сұраған ананы тусініп қолдайды деген үміттемін. Көмектесемін деген мейірімді жандарға :Каспий картам 5169493174490881. Телефон номерім 87479581946 Куралай.Алдын ала рахмет айтамын.Аллаһ сіздерге разы болсын
    2 жыл бұрын
  • 10-15 жыл бұрын "Верующий и атеист" /ұмытпасам осындай/ деген кино болған. Бәрібір соның көшірмесі бар.
    2 жыл бұрын
    • сіз айтқан фильмді бір қарап шығу керек екен, рахмет, пікір білдіргеніңізге!
      2 жыл бұрын
      • Дәл осындай атпен кинолар көп. Бірақ ол фильмде екі адам лифтіде қалып кетіп, таң атқанша дін туралы пікірлерін айтады. Youtube-тен таппадым. Бұрын мешіттің жанында дискіде сатылатын.
        2 жыл бұрын
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137