Nurdaulet Es-agasi: Мектепте кинотану пәнін енгізу керек...
Nurdaulet Es-agasi: Мектепте кинотану пәнін енгізу керек...

Мектепте кинотану пәнін енгізу керек деп ойлаймын. Жаңа фильмдер, идеялары, көркемдік ерекшеліктері, тілі т.б. дүниелерді жастармен бірге талдап, талқылап отырса гой. Бұрыңғыдай әдеби кітаптар оқылмайды, мойындау керек. Әдебиет керек емес деген сөз емес, оны да оқи берсін. Тек заманға бейімделіп балалардың да қызығушылығына жақындасақ екен. Сосын интернеттану деген де пән қосып, жақсы, жаман жақтары, мүмкіншіліктері, ақпаратты басқару, дұрыс қолдану жағынан да сауаттарын ашу керек. Әйтпесе ескі тулақты илеп, мыжып отырғанда кейінгілерді қойып өзіміз де көп ақпаратты игере алмай жатырмыз. Абай айтқан "жаман мен жақсыны айыра алмайтын" заманыңның көкесі енді туды. Қаржы, бизнес, анау-мынау деп заманаға сай пәндер енгізіліп жатыр гой, солар сияқты бір идея бұл да.

CаттарCаттар
3 жыл бұрын 1722
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137