ӨМІР ТОҚТАМАЙДЫ
ӨМІР ТОҚТАМАЙДЫ

 

Кейде өзімнен-өзім біреу түртіп жібергендей түн ортасында шырт ұйқымнан селт етіп оянып кетемін. Қайта кірпік іліндіру мұң. Төсекте ары аунақшып, бері аунақшып, жамбасым әрі тастай қараңғылықтан жанарым талғандай болған соң жалғыздықтан елегізіп атып тұрамын да болар-болмас бозарған терезенің алдына тақап барамын. Сол кезде айтып жеткізгісіз қуаныштан жүрегің лүпілдей соғады. Өйткені, мен алыстан қар жаумай тұрып үлгеру үшін тұқым сеуіп  жүрген трактордың әлсіз жарығын көремін. Бір жағы жалғыздығыңды ұмыттырған күздік сеуіп жүрген трактордың жарығына қуансам, екінші жағынан, өзіңді жағалауға шығарып тастағандай жат көрінетін – ешқандай мистика-фантастика, ешқандай көз арбап, көңілге құрт түсіретін әлеміш-жәлеміш, ешқандай шоу бизнес, ешқандай поп-рок, ешқандай иномарка, ешқандай казино, ешқандай атыс-шабыс, ешқандай сыбайлас жемқорлық, ешқандай эротика, порнография, ешқандай рейдерлік, ешқандай тоғышарлық, т.б. құбыжықтар атымен жоқ. Тек танапқа тұқымдық сеуіп жүрген анау тракторист бар.  

Алмат Жалбағаев

CаттарCаттар
10 жыл бұрын 3911
6 пікір
  • Иә, дұрыс айтасыз өмір тоқтамайды. Біреу кетеді, біреу келеді. Бірақ өмір жалғаса береді.
    10 жыл бұрын
  • жасампаздық
    10 жыл бұрын
  • Саттар аға, керемет! "Сөз тапқанға қолқа жоқ" дейді. Шағын фабула арқылы адамның ішкі жан дүниесін, өмірге деген көзқарасын әдемі өріп беріпсіз. Бұл тұста А.П.Чеховтан асып, шебер суреттеген адам кемде-кем шығар. Екі ауыз күрделі сөйлемге тұтас әлемді бір-ақ сыйдырып жіберіпсіз. Қаламыңыз жүрдек болсын!
    10 жыл бұрын
  • Алла разы болсын, Алма, әңгімелеріңізді оқып үлгере алмай жатырмын. Міндетті түрде пікірімді білдіремін
    10 жыл бұрын
  • Рахмет Саттар аға!
    10 жыл бұрын
  • Rasymen de gajap eken.
    10 жыл бұрын
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137