ОҚЫРМАН
ОҚЫРМАН

Қайда жүрсек те көпшіліктің арасынан көзге жылыұшырайтын таныс бейнені іздейтініміз бар кейде. Жамағатсыз мешіттің жетім қалатыны секілді оқырманы жоқ басылымның да күні қараң екенін білесіздер. Әр басылымның өз оқырманы болады десек, солардың арасында белсенділік танытып, өз пікірін білдіріп жүретін ағайындарға қарап, сөз алатынымыз да бар. Әлбетте, пайдалы жағын. Олар да қал-қадырынша атсалысып, бағытымызды бағамдап отыруға септігін тигізеді. Кей оқырмандар бар, оқуынан ойлануы көп. Әсілі, оқығанын көңілге тоқығаны деп түсінгеніміз абзал. Ал, енді бір оқырмандардың ой тастап, олжа салатыны ішіңді жылытады. Ондайда еңбегің ескерусіз қалмағанына қуанып, алға ұмтыласың. Қаламыңды ұштап, тынбай ізденесің. Бұл олжа емей немене? Islam.kz порталының бұл жобасы оқырмандарға өз ойын айтуға мүмкіндік беріп қана қоймай, өзгелердің талғамын қалыптастыруға да септігін тигізіп отыр. Осы блог арқылы, осы блогта жарық көрген мағлұматтар мен ақпараттар арқылы санасы сергек, ойы тұнық кей оқырман өзіне беймәлім немесе көмескі болып келген жайттарға қанығып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап тапқандай болғаны, таным көкжиегін кеңейткені жасырын емес. Әлі де айтары көп оқырманға солардың бірі ретінде  шығармашылық табыс тілейміз. 

CаттарCаттар
9 жыл бұрын 4098
5 пікір
  • Дұрыс айтасыз, блоктан коп нарсе алып жатырмыз рахмет!
    9 жыл бұрын
  • Алмат аға, сіздің мақалаларыңызды сүйсініп оқимын осы )
    9 жыл бұрын
  • Алла разы болсын
    9 жыл бұрын
  • Блогтұғырды ашу көптегн бергі жүрген ой еді. Себебі оқырманмен байланыс құратын тетігі жоқ еді сайтымыздың. Аллаға шүкір қазіргі бет алысы жаман емес. Атсалысып жатқан ағайындарға көп алғыс. Саттар бауырым өзіңізді рухани әдемі шағын әңгімелеріңізді күтеміз.
    9 жыл бұрын
  • Шынымен де блогтын оқырманға көп пайдасы тиіп жатыр. Бұл сайтты және блогты ашқан азаматтарға мың да бір рақмет. Біз сияқты жазуға өнері жоқ оқырмандар үшін шығармаларынызды күтеміз.
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137