Қарашаның қара қатқағында... (Қалиханша – Қалихан Ысқақов ағамызша)
Қарашаның қара қатқағында... (Қалиханша – Қалихан Ысқақов ағамызша)

Алмат Жалбағаев

Қараша, қабағыңмен не білдірдің

(Гүлнәр Салықбаева)

                Тым күдікті, күңгірт тартқан төңірегім – көксоқта. Қолымда – сабы жылтыраған, ұзын да емес, қысқа да емес, қолдың майы сіңіп, безі шыққан, қайыңнан жонған қайыстай таяқ. Алдым – даңғыл, тақтайдай тегіс жол болса да сүрініп-қабынып жүрісім өнер емес. Және бір қызығы – басқан ізім дереу кедір-бұдыр, жалғызаяқ, екі айналуға келмейтін ені тар  соқпаққа айналып қап жатыр. Бет түзеген қақ маңдай қарсымнан – сонау көз ұщындағы көкжиектен бері сояудай тілініп көлбеген терең шатқалдың үстінен құдия төнген тебінгідей қошқыл бұлт байып батып бара жатқан күн көзін көлегейлеп-ақ тұр. «Айда аман көрсем де», тек екінті әлетінде-ақ кіртиіп сала берген «қызғылттанған қылшығы көзге ұратын» (Тыныштықбек Әбдікәкімов) шапақ-құйрығын ғана ажыратып келемін. Сөз жоқ, бітімге шақырған күз лебінде қаяу бар; сөз жоқ, бітімінде сүйір тартқан қазағуар сес бар, – бірінің иі жұмсақ, енді бірінің ділі қатты – осы сәтте мына иесіз қалғандай көрінетін жалғанның өңнен түске, түстен елеске айналған көлгір көрінісінен тек сүмбіледе суық тартар күз лебін аңғарып үлгердім. Қолымдағы – абыз ұстар аса таяққа айналыпты деймін... (деймін да).

                Түннің бір уағында шырақтай жарқыраған айдың жарығынан шырт ұйқымнан оянып кеттім. Қара суық қақап тұрған қарашаның іші болатын.

                От сөніп қалған болу керек, үйдің іші ояң тартыпты. Ауыз үйге шығып, пеш көмейін қағыстырып едім, атнөпір қидан болар-болмас қызарған шоқ – оның өзі күл түстеніп сөнуге айналған. Кеше таң миземей жауын кемсеңдеп еді, оның артынан – ақшағыр бұлт өзімен ілестіре істіктей-істіктей қар ұшқынын ала келген. Демде төңірек ысқаяқ тартып, жауыннан үйелеген қақ суы қабыршықтана қатып жатты. Уыз татыған саф ауа сарайыңды ашады. 

CаттарCаттар
9 жыл бұрын 3755
5 пікір
  • Күзді сағынып жүрсіз ау шамасы? )
    9 жыл бұрын
  • н н
    Абай Құнанбайұлының "Күз" өлеңі. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, күз болып дымқыл тұман жерді басқан деген үзінді жері есиме түсті. Сіздің әңгімеңіздің ар сөзі кез келген адамның бойынан табыла бермейтін қасиет бар екенін түсіндім.
    9 жыл бұрын
  • Саттар аға мәні терең жақсы дүние! Қалихан Ысқақовтың шығармалары керемет қой, бір оқығанда жаныңды тебірентіп жүреді. Кейде өзің сол кейіпкермен бірге жүргеніңді сезбей қаласың-ау. Ғажаптығы сонда .
    9 жыл бұрын
  • Алла разы болсын, Алма, жақсы дүниелер күтеміз өзіңізден
    9 жыл бұрын
  • Рахмет! Саттар аға! Алла разы болсын!
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137