Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін иеленуге лимиттер белгіленді
Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін иеленуге лимиттер белгіленді

Үкімет бір қолда жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауылшаруашылық жер учаскелерінің максималды мөлшерін бекітетін қаулы жобасын мақұлдады. Бұл туралы бүгін АШМ алқасының отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек хабарлады. 

"Республика бойынша орта есеппен, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты шаруа және фермер қожалықтары үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының шекті (ең жоғары) мөлшері 35 мың га, заңды тұлғалар үшін – 51 мың га мөлшерінде белгіленген. Бұл ретте осы норма енгізілгенге дейін берілген жерлер бойынша тиісті талдау жүргізіледі", - деді Тамабек.

Ол, сондай-ақ, өткен жылы жер пайдаланушыларға қатысты тексерулер саны 9 есе артқанын, ал тексерумен қамтылғандар 21 есе өскенін еске салды. Нәтижесінде 1,8 млн гектарға жуық пайдаланылмайтын жерлерді игеру басталды.  

Халықтың малы үшін жайылым тапшылығы проблемасын шешу үшін шаралар қабылдануда.

Жер учаскелерін жедел және ашық бөлуді қамтамасыз ету үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер әзірледі.

Енгізілетін өзгерістер қағазсыз қызмет көрсетуді, жер учаскелерін коммуналдық қызметтермен беруді келісу рәсімін автоматтандыруды, жер қатынастары саласындағы бюрократиялық және сыбайлас жемқорлық алғышарттарын жоюды көздейді. Заң жобасы мәжілісте қаралуда.

Дерек көзі: ElDala.kz

CаттарCаттар
2 жыл бұрын 1405
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137