Әйел адам жылап жатса...
Әйел адам жылап жатса...

Өмір болғасын түрлі жағдай болып жатады. Кейде жұбайымыздың немесе жақын құрбымыздың көз жасын көріп, өзімізді қоярға жер таппаймыз. Осындай кезде оларды "қалай жұбатуға болады" деген сұрақ бәрімізді де ойландырады. Сондықтан біз бүгін сіздерге жылап тұрған әйел адамды көргенде не істеу керектігі жайлы аз-кем сыр шерткіміз келеді.

Алдымен жылып отырған әйелдің (қыздың) кім екенін анықтап алыңыз. Егер ол басқа біреудің әйелі болса, оны барып жұбату оңайға соқпайды. Ал өзі жалғыз жылап тұрған басқа біреу болса, оған міндетті түрде жәрдем беріңіз.

Егер өзіңіздің әйеліңіз жылап жатса, оны жалғыз қалдыра көрмеңіз. Себебі ол өзін ешкімге керексіз сезінуі мүмкін. Оның қасынан кетпей, көңілін табуға тырысыңыз. Жалғыз қалдырғанын қаласа да, алысқа кетіп қалмаңыз.

Көз жасын бұлап отырған әйел адамдарға мүлдем қоюға болмайтын сұрақтың түрлері бар. Олар мынадай: «Сен нені қалайсың?», «Кім кінәлі?», «Не істеу керек?». Бұл сұрақтарды қойсаңыз, оның алдында қадіріңізді жоғалтасыз.

Жылап жатқан әйелге сыйлық жасаудың қажеті жоқ. Өйткені ол өте әдепсіз іс. Одан да бет орамал бергеніңіз дұрыс. Есіңізден шығармаңыз, сыйлықты көңілді әйелдерге береді.

Әйелдердің көз жасы үшін жүгіріп, біреуді құтқарып немесе жазалаудың қажеті жоқ. Себебі міндетті түрде бәрі де керісінше болады.

Егер барлығын дұрыс істеп, әйеліңіз жылауын қоймаса, демек ол дәл сіздің жұбатқаныңызды жақсы көреді. Ондай кезде оған барынша бұл өмірдегі ең бақытты әйел екендігін ұқтыруға тырысыңыз.

Көз жасын тоқтата алмай отырған әйеліңіздің әңгімесін басынан аяғына дейін тыңдау міндетті емес. Ең бастысы оны бауырыңызға басып, құшақтап, бәрі де дұрыс болатынын жеткізіңіз.

 

CаттарCаттар
9 лет назад 4723
1 комментарий
  • Жылағаннан сақтасын.
    Бірақ шамаң жетпей кеткенде жылап тұрған да дұрыс))).
    Ер адам әйелдің жасына шыдай алмайды деген рас боп тұр ғой.
    9 лет назад
О блоге
0
24971 187 228 91 137
Прямой эфир