Иран режиссері Асхат Фархадтың түрік әріптесі Нұри Білге Жейлан арасындағы ортақ құндылық - минимализм
Иран режиссері Асхат Фархадтың түрік әріптесі Нұри Білге Жейлан арасындағы ортақ құндылық - минимализм

Минимализм авангардизмнің атрибуты секілді – бұл қолтаңба біз сөз еткен «Бірде Анадолыда» картинасының авторы, түрік режиссері Нұри Білге Жейланға да, иран режиссері Асқар Фархадқа да тән. Яғни, есімі аталған иран режисерінің шоқтығы биік туындысы - "Коммивояжер" картинасында басты рөлді сомдағандар оқыс әрекетпен көзге түспейді немесе қандай да бір эмоцияға ерік бермейді; Басты рөлді сомдаған ер адам ұстамдылық танытады – психологиялық қыры; Оның жан дүниесінде болып жатқан аласапыранды эмоциямен емес, мимкамен, дене қимылдарымен аңғартқан – яғни, режиссер жаттанды әрі жауыр болған шаблоннан кетіп, өзінше өрнек салуға тырысққан, дәлірегі, режиссердің ұтып тұрған жері осы. Тағы бір артықшылығы – көзірді бірден ашпайды, карталарды бірте-бірте ашу арқылы соңында көрсететін шебер ойыншы секілді әрекет еткен – бұл да майдан қыл суырғандай режиссердің шеберлігін әйгілей түседі. Яғни, бір қалыпты, бір сарындылықтан қашу, дәлірегі, көрерменін зерікіріп алмасы үшін картинаның орта шеніне қарай көрменнің қолына жіп ұстатып қояды (Үйде жалғыз жуынып жатқан әйелді белгісіз біреу соққыға жығып кетеді).

Түрік режиссері Нұри Білге Жейлан да, иран режиссері Асхат Фархад та көрерменді мезі ететін морал соғудан барынша қашатыны, есесіне психологиялық аспектіге баса мән беруімен алдыңғы қатардан көрінген.

CаттарCаттар
3 года назад 1704
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137