Сен ғажапсың, Корей "мәзірі"
Сен ғажапсың, Корей "мәзірі"

Күллі әлемді шулатқан "Кальмар ойыны" фильмін корей киноиндустриясынан хабары жоқ былайғы жұрт үшін немесе ары асса корейлердің мелодрамалық сериялдарын тамашалап өскен ұрпақ үшін корей кинематографиясы жетістігінің шырқау шегіндей көреді. Сөз жоқ, "Кальмар ойыны" (КАЛЬМАР сөзі орысша сөз емес, араб тілінен француз тіліне кірген сөз еді. Арабша ҚАЛАМ сөзі бар екенін білесіздер ғой. Орысшасы РУЧКА. Ал CALMAR ол ҚАЛАМГЕР. Себебі бұл жануар шабуыл кезінде қаламдағы сияға ұқсайтын затты ішінен шығарады. Владислав Теннің Фейсбуктегі жазбасынан) адамзатты елең еткізген картина болды. Мұның бір ғана себебі бар: аталмыш картинадағы капитализмнің бүгігі бейнесі, дәлірегі, несие дейтін жіпсіз тұзақ арқылы капиталистік қоғамның паразиттік бет-бейнесін әдемі бере білген. Дегенмен қатегіз көріністердің өсіп келе жатқан ұрпақты қаныпезерлікке баулиды, балалардың психикасына салмақ түсіреді деген нақты дәлелі жоқ долбармен аталған картинаның көрсетілуіне тыйым салмақ болған Ресей, Ұлыбритания, т.б. елдерде бұл картинаның әлемжелі мен түрлі киносайттар арқылы таралып кеткендіктен бұл ниетінен бас тартуына тура келді. Әйтпесе, осы "Кальмар ойынындағы" қатегіз көріністерді бірнеше есе орап алатын картиналар бар, алайда, танымалдылығы кем. Мәселе сонда - киноның қаншалықты идеологиялық қуатты қару бола алатындығын осы картина дәлелдеп берді десе де болады. Естеріңізде болса, өткен жылы де корейлердің "Паразиттер" фильмі (Оскарды иеленген) де әлеуметтік теңсіздік көріністерімен танымал болған. Корейлер бұл тарапта өзге елдердің кинематографиясынан, тіпті, Голливудтың өзін шаң қаптырып кеткенін айта кетпекпіз. Тек технологиясымен ғана емес, сонымен қатар, өнерімен де шығандап кеткен корей феноменінің сыры - біз сөз етіп отырған әлеуметтік теңсіздікті көтеріп, "дәл уақытында, керек кезде" "темірді қызған кезінде соққанында" емес, корей жетістігінің құпиясы тым  тереңде жатыр - адамның қандай жаратылыс екенін барынша ашып көрсетуге тырысуында жатыр. Былайша айтқанда, психологиялық иірімдерінің терең пластын қопару арқылы Адамның өзгеше жаратылыс екенін паш етеді. Мәселен, 2019 жылы түсірілген, 10 сериядан тұратын корейлердің "Незнакомцы из ада" картинасының көтерген жүгі де, миссиясы да "Кальмар ойынын" он орап алады. Алайда, бұл картинаны былайға жұрт біле бермейді.

(жалғасы бар) 

CаттарCаттар
2 года назад 1143
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137
Прямой эфир