Turarbek Sharipov: Малды бауыздап союдың артықшылығы
Turarbek Sharipov: Малды бауыздап союдың артықшылығы
Құрметті ағайын, сіздерге малды адал бауыздап союдың пайдасы туралы танымдық мәліметтер берейін. Жалпы, малды бауыздағанда малдың организмінде қандай процестер жүреді? Біз малды бауыздағанда мойнындағы екі күре тамырын (яремные вены) пышақпен кесеміз. Және де жұлынына (спинной мозг) тиіспейміз. Сонда ми денеге сол жұлын арқылы "басқа қан жетпей жатыр, бүкіл денедегі қанды басқа қарай жібер" деген сигнал таратады.
Осы сигналға бағынып, бүкіл орган өзіндегі қанды жоғары қарай, басқа қарай қысыммен жібереді. Ол мойынға жеткенде тамағындағы кесілген екі күре тамыр арқылы сыртқа төгіле береді.
Осылай ағзадағы бүкіл қан сарқылады, ең соңында қою қара қан шығады. Осы қанда малдың бойындағы бүкіл таксиндер, зиянды түзілістер, ауыр металдар болады. Жалпы, бүкіл зиянды бактериялар қанда тіршілік ететінін бүгінгі күннің адамы біледі.
Қаны сарқылып болғасын ғана, қазақ баласы малды жұлындайды!
Жұлындау деген не? Ол жұлынды пышақпен тіліп, кесу. Яғни, спинной мозг арқылы денеге сигнал тарауын хирургиялық жолмен тоқтату.
Міне, осылай сойылған малдың денесіндегі барлық зиянды зат сарқылған болады.
ЕКІНШІДЕН, осылай сойылғанда малдың қанды миға қарай жіберуі - малдың тірі қалуға соңғы талпынысы болады. Осы процес жүріп жатқанда малдың денесіне ТІРШІЛІК ҮШІН КҮРЕС гормоны бөлінеді. Орыстардың "ты то что ты ешь" деген сөзі өте дәл айтылған сөз. Яғни, біз не жесек, соның генетикалық ақпараты біздің бойымызға ас арқылы өтіп, сол қасиет пайда болады. Яғни, адал бауыздалған малдың етін тұрақты жеу адамды өмірге құштар етеді.
Ал қасапханаларда сойылған малдың еті неге зиян?
Онда күнінен жүздеген, мыңдаған мал сойылады. Сондықтан әрбірін жығып байлауға уақыт жоқ. Не істейді? Не тоқпен ұрып құлатады, не маңдайдан кувалдамен (ауыр балға) ұрып құлатып, есінен танып бара жатқан малды бауыздап жібереді. Ал арқанмен тартып тұрып, маңдайынан ұрғалы жатқан малда шарасыздық күйі туады. Яғни, ол аяғымен қаша алмайтынын біліп, балға маңдайына жеткенше өтетін азғана секунд ішінде ең ауыр күйзеліс жағдайын кешеді де, денесіне ҚОРҚЫНЫШ гормоны бөлініп үлгереді. Ондай малдың кейде қорқыныштан жүрегі жарылып, қанды сыртқа шығарып беретін клапан қызметін атқармай қалады. Осылай ағзадан зиянды заттар да шықпайды, оның үстіне аса ауыр залал келтіретін гормон түзіледі. ОНДАЙ ЕТТІ ЖЕГЕН АДАМДАР ДЕПРЕССИЯҒА БЕЙІМ болады, күйзеліске түсуі оңай болады, ал күйзелген адам семіздікке ұшырайды.
Одан бөлек қасапханада малды іліп сою әдісі қолданылады. Яғни малды іліп, бауыздап, конвейермен жібереді. Ол малдың қаны сарқылуын күтуге тағы да уақыт тапшы, сол кезде қаны сарқылмай жатып, жұлындап жібереді. Тағы да ағзада зиянды түзілістер қалып қояды.
CаттарCаттар
2 года назад 1065
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137
Прямой эфир