Досым Сәтбаев, саясаттанушы: Ел болашағы мемлекет басшыларының денсаулығына тәуелдi болатындай саяси факторға айналмағаны абзал
– Өзбек елiнде болып жатқан қазiргi жағдайдан Қазақстан сабақ алуы тиiс. Ел болашағы мемлекет басшыларының денсаулығына тәуелдi болатындай саяси факторға айналмағаны абзал. Әйтпесе, тарихтан бiлетiнiмiздей, империялар мемлекет басқарушылар қазасынан кейiн қағаз үй сияқты құлайды. Бұл бiздiң антикалық немесе ортағасырлық заманнан алысқа ұзай қоймағанымызды аңғартады. Орталық Азиядағы аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету тұрғысынан қарағанда, Қазақстан мен Өзбекстан негiзi ойыншылар екенiн айта кету орынды. Сондықтан көпшiлiгiмiз жақсы түсiнемiз: егер осы екi елдiң бiреуiнде дүрбелең, дүмпу...