Arman Rakhmet: Қазақ-түрік лицейінің демеушілері кім
Arman Rakhmet: Қазақ-түрік лицейінің демеушілері кім
Баласы Алматыдағы Қазақ Түрік Лицейінде оқитын бір ағамызды лицей басшылығы Түркиядан спонсорларымыз келді деп кездесуге шақырмай ма.
Кездесуге келген спонсорлардың біреуінің киімі өте жұпыны екен, содан әлгі ағамыз лицейдің адамынан сұрамайма бұл спонсорға ұқсамайтын не адам өзі деп.
Жауабын естігенде ағамыздың тілі байланып қалыпты.
Ана спосор түрік Түркияда қарапайым етікші екен. Қазақ елінде КТЛ ашылғанын естіп, бәлен жыл бойы айына етік тігіп табатын 300 долларының тура 100 долларын Алматыдағы КТЛ-ға жіберіп тұрады екен!!! Не үшін? Қазақтың балалары білім алуы үшін!!!
Бұны естігенде менің де тілім байланып, біраз есеңгіреп қалдым. Неткен жүрек, неткен биік мақсат! Ұлылық деген осы емеспе?!!!!
Қазақтың әр қарапайым адамынан бастап жоғары билікке дейін бәріміздің жүрегіміз осы етікшінікіндей соққанда біз мүлдем басқа мемлекетте өмір сүрер едік….
CаттарCаттар
3 жыл бұрын 2116
0 пікір
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137