Әзірейіл адам жанын қалай алады?
Әзірейіл адам жанын қалай алады?

Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткен хадисте Әмір ибн Рабиға: «Кім Маған (с.ғ.с.) қанша салауат айтса, ол адамға періштелер де сонша салауат айтады, яғни аз айтса аз айтады, көп айтқан болса, олар да көп айтады», – деген.

Ежелгі заманда адамдар жан алуға келген өлім періштесін көретін болған. Бір күні Сүлейменге (ғ.с.) кіріп келген өлім періштесі Сүлейменнің (ғ.с.) жанында тұрған жас жігітке қарап тұрып қалады да, шығып кетеді. Өлім періштесінің үңіле қарағанынан қорыққан жас жігіт Сүлейменге (ғ.с.): «Я, Алланың елшісі! Мен Сізден (ғ.с.) өтінерім – мені желге әмір етіп Қытай жаққа көшірсеңіз», – дейді. Өтінішін қабыл алып, желге әмір етіп, ол жас жігітті сұраған жағына жібереді. Өлім періштесіне біраз уақыттан кейін жолыққан Сүлеймен (ғ.с.) одан не себепті әлгі жас жігітке үңіліп қарағанын сұрайды. Сонда өлім періштесі Сүлейменге (ғ.с.): «Мен ол жас жігіттің жанын Қытайда алуға тиісті едім, ол жігіттің сіздің жаныңызда тұрғанына таңқалып қарадым», – дейді. Жас жігітпенен арасында болған әңгімені Сүлеймен (ғ.с.) өлім періштесіне айтып бергенде, өлім періштесі: «Ия, біз ол жігіттің жанын сол жақта алдық», – дейді.
Бану Исраил елінде бір кісі күнде күнге уәкіл қылынған періштені ойынан шығармай, «Алла Тағаладан оған жеңілдігіңді бер», – деп дұғасынан қалдырмайды екен. Біраз уақыт өте келе сол періште Алла Тағаладан сол адаммен кездесуге рұқсат сұрайды. Рұқсатын алғаннан кейін әлгі адамға келіп: «Сен мені дұғаларыңнан тастамайсың, қандай тілегің бар», – деп сұрайды. Сонда: «Менің тілегім – мені өз орныңызға апарып, өлім періштесінен ажалымның қашан екенін сұраңыз», – дейді. Күн періштесі ол кісіні өзімен бірге алып орнына отырғызып, өлім періштесіне барып, «Осындай адамның ажалы қашан келеді», – деп сұрайды. Сонда өлім періштесі қолындағы адамдардың ажалы жазылған кітапты ашып, таңқалып айтады: «Қандай керемет адам, ол сенің орныңа отырмай ажалы келмейді», – дегенде, ол періште: «Менің орныма отырды», – дейді, «Онда ол адамның ажалы келген екен», – дейді өлім періштесі.
Хабарларда мәлім болғандай, өлім періштесі адамның жанын алуға келгенде, адамның жаны «мен саған бойұсынбаймын, Алла Тағала әмір етпейінше» — дейді екен. Сонда өлім періштесі «маған жаныңды алуға әмір келгендіктен келіп тұрмын» — дейді. Бұған адамның жаны «Маған дәлел керек. Мені Алла Тағала жаратып адам баласының денесіне кіргізгенде жоқ едің енді мені қалай шығарасың», – дегенде, өлім періштесінің амалы таусылып, Алла Тағала тарапына қайтып «Иә Рабби! Құлың маған бойұсынбайды және де маған уәж айтып дәлел сұрайды» дегенде, Алла Тағала «ол рухтікі дұрыс, сен жәннатқа барып, жәннаттың алмасынан алып оны рухқа көрсет. Ол алмада «Бисмилләһир рохмәнир рохим» деп жазылып тұрады. Сол алманы алып рухқа көрсетсең, ол өзі еркімен шығады» дейді.
Кағбул Ахбардан келген риуаятта Алла Тағала аршының астында тал жаратқан, сол талда қанша жаратылыс болса сонша жапырағы бар. Егерде бір кісінің ажалына 40 күн қалса, сол кісінің аты жазылған жапырақ сол талдан үзіліп түсіп Әзірейілдің (ғ.с.) алдына түседі. Сол уақыттан бастап аспандағы періштелер ол адамды жер бетінде 40 күн тірі болса да «марқұм» дей бастайды. Сол жапырақта қай жерде, қандай себептен қайтыс болатындығы жазылып тұрады. Егерде жазулары нұрдан жазылған болса, ол адамның жәннатқа баратындығы белгілі болады, қара түспен жазылған болса, тозаққа баратындығына белгі болады Алла бізді одан сақтасын. Өлім періштесінің денесінде қанша жаратылыс болса сонша көздері бар, егерде бір адам қайтыс болса денесіндегі бір көз жабылады екен. Алла Тағала бүкіл жаратылысты жойғанда өлім періштесінің бойында сегіз ғана көз қалады. Олар Исрафил (ғ.с.), Жәбірейіл (ғ.с.), Әзірейіл (ғ.с.), Микәйіл (ғ.с.) және төртеуі аршыны көтеріп тұратын періштелердікі. Адамның ажалы таяғанда өлім періштесі Алла Тағаладан «Иә, Рабби, мен қашан және қалай адамның жанын аламын» дейді, Алла Тағала «ол ғайыптан, уақыты келгенде саған білдіремін» дейді. Адамның уақыты келгенде адамның дем алуына уәкіл қылынған періште келіп «пәленшенің ауадағы нәсібі бітті» дейді. Содан кейін ырзығына уәкіл қылынған періште келіп «пәленшенің алар ризығы» бітті дейді. Амалына жауап беретін періште келіп «пәленшенің амалы бітті» дейді. Сол кезде өлім періштесінің алдына аршы астындағы талдан жапырақ түседі. Сол жапырақ түскенде өлім періштесі адамның жанын алады.

Арабшадан аударғандар:
Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары: Бекболат Зулжаладдинұлы, Дархан Асылтайұлы.

 

ihsan.kz

CаттарCаттар
9 жыл бұрын 7344
2 пікір
  • соңында бұл көздер де жабылады. Алла тағала әзірейілге өз жаныңды өзің ал деп әмір етеді. Аллаһ тағала жалғыз қалып, "менен басқа кім бар, серік етіп қосқандарың қайда?" деген мағынада үн қатады. Содан кейін қиямет басталады. Тура осылай деп естідім бе әлде оқыдым ба, есімде жоқ. Бұл қаншалықты рас? Бұл - бір. Екіншіден, Өлім періштесінің денесінде қанша жаратылыс болса сонша көздері бар, егерде бір адам қайтыс болса денесіндегі бір көз жабылады екен. қайрат жолдыбайдың "иманы гүлінде" періштелердің болмысын сипаттайтын жері бар. Періштелер нұрдан жаратылған, кез келген формаға ене алады. Радио толқындары секілді. Өз миссиясын мүлтіксіз орындауға қабілетті. (пікірдің жалғасы бар)
    9 жыл бұрын
  • ...көзі бар дегенді білмейтін адамдар тура мағынасында қабылдап, ертегі сияқты қабылдауы мүмкін. бір кісі қаза тапқанда оның денесіндегі бір көз жабылады дегенге келсек, оның сол қаза тапқан адамға қатысты миссиясы аяқталды дегенді білдереді.
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
24971 187 228 91 137