Оянғым келмейді...
Оянғым келмейді...

Мен өмір сүріп үлгермедім, дәлірегі, балалық шақ та, жастық шақ та арпалыспен өтті, оның өзіндік себептерін тізбелеп жату кімге қызық дейсіз; оның үстіне, жалғыз мен емес, замандастырымның көбісіне тән болған соң ол жағына тоқталып жатудың қажеті шамалы әрі маңызды да емес; тоқетерін айтқанда, қартайып қалғаныңды анық түйсінесің - әсіресе, соңғы бір-екі жыл мұғдарында - көп нәрседен бойыңды аулақ салып, сырттап жүруге тырысасың, яғни, басы артық әуреге жолағың келмейді, кәріліктің басы осылай басталады екен; біріншіден, өзіңе қатысы шамалы әрі қызықсыз жиын-тойдан сырттайсың, барсаң да ағайын алдындағы парыз бен қарызды ойлайсың, екіншіден, тез шаршайсың, қажисың, еңсеңді көтере алмай, тезірек қараңды батыруды ойлайсың, бар есіл-дертің үйіңе жетіп, жантайып тынығу болады; тынығып та қарық болмайсың - шаршап оянасың, ұйқың қанбайды, ешкім мазаламаса да белгілі бір уақыттан кейін өзіңнен өзің оянып кетесің, қайта ұйықтау - мұң, қанша уақыт жатады дейсің, әлденуақытта сүлдеріңді сүйретіп тұрасың - таң атса, кеш батып, кеш батса, таң атып - бір қалыпты, бір сарынды өмірдің жетегінде күн өткізесің; күн жарқырап тұрса да сен үшін қара түнекке айналған - ешқандай арман-мұрат, тілек жоқ, жалғыз тілегің - шаршап қалмасам екен, шаршап қалсам, тынығып алатындай жағдай болса екен, бір жағынан балалар, екінші жағынан әйелің құлақ етіңді жеп мазаламаса екен, әнебір танысың телефон шалып, көр-жерді сұрап, уақытымды алмаса екен, т.с.с. 

(жалғасы бар)

Алмат Бөрібек

CаттарCаттар
4 года назад 1686
0 комментариев
О блоге
0
24971 187 228 91 137