Сарапшы: «Мәселе – мазхабта емес, діни түсінікте»
Асылхан МАМАШҰЛЫ www.azattyq.org Қарашаның 26-сы күні Алматыда өткен «Қазақстанда исламның радикалдануы: аңыз бен ақиқат» атты дөңгелек үстелде елдегі діни ахуал сөз болды. «Соғыс және бейбітшілік» институтының Қазақстандағы өкілдігі өткізген бұл шараға билік өкілдері, зерттеушілер мен үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары қатысты. Жиында сөйлеген адамдардың бірі – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) өкілі Ершат Оңғаров «түрлі үгіт-насихаттардан кейін 560 адам радикалды райынан қайтып, ханафи мазхабына оралды» деген дерек...