Бүгін жұмысқа, дәлірегі, ештеңеге зауқым соқпады. Ол ол ма, алай-дүлей боран соғып, кабинетте омалдым да қалдым. Шай іштім, жаттым, тұрдым, интернет ақтарған болдым, жаңалық оқыған болдым, бірақ, бәрі түйсіксіз, санасыз, сәулесіз. Қапырық басқан қаңсық тірліктен қамығырып, меңірейіп күн өткіздім. Бірдеңе жетіспейді... Жадау тартқан жан дүниеңді сілкіп-сілкіп алар бірдеңе күтесің, мейлі ол жақсы кітап болсын, мейлі ол фильм болсын, мейлі ол жаны жайсаң біреу болсын, кейінгі кезде осындай сәулесіз өмір қалыпты жағдайға айналып барады... Қаңғырған ойлар қаумалап, ұйып қалған аяқ-қолымды...