Жұмыстан қайтқан жұмысшылар
Өрістен оралатын малды қоралау керек, ас қамдауы тағы бар – алақандай ауылдың аумағын он орап алатын алқаптың басында бірыңғай еркектер ғана қалып, әйелдер қауымы күндегісінен өте кеш – түстікте кесе көлденең түсіп, арыстай сұлап жатқан Әулие таудың етегінен сам жамырап, әбден көз байланғанда бір-ақ қайтты. Ал ер-азаматтар олар кетісімен айдың тууын күтіп, алқа-қотан шылым шегіп отыр. Шаршағандарын шылыммен басқысы келгендей, әәркім темекі түтінін құныға сорады; қараңғыда шылымның шоқтана қызарған болымсыз жарығынан бір-бірінің күні бойғы жұмыстан қажыған жүздерін байқап қалады....