Ілесбек Байжанов: Қазақстанның уран өндірісі және біріккен кәсіпорындар. Қазақстанда атом энергетикасының болашағы қандай?
Уран - Д.И.Менделеевтің химиялық элементтерінің топтық жүйесіндегі табиғатта кездесетін 92 – ші, радиоактивті элемент. (Қазір бұл жүйеде 109 химиялық элемент бар). Әрі орасан қуат көзі. Уран табиғатта сирек кездесетін және шашыранды элементтер қатарына жатады. Бірақ жер қыртысындағы шашыраңқы орнласқан уранның үлесі алтыннан 1000 есе, күмістен 30 есе көп. Табиғаттағы үлес салмағы мырыш пен қорғасынмен бірдей болса да негізгі массасы тау жыныстарында, топырақтарда, табиғи суларда шашырап таралғасын оны өндіру іс жүзінде тиімсіз, әрі мүмкін де емес. Табиғатта оның аз бөлігі ғана кен...