Zhanibek Kopzhassar: Ирандағы режим құласа, қазаққа қандай пайдасы бар?
Ирандағы жағдайға байланысты біраз адам Иран үкіметін қолдап пікір білдіріпті. Бұл стихиялы наразылыққа АҚШ-ты кінәлап жатқандар да бар. АҚШ-тың әсері жоқ емес, әрине. Бірақ Иран полициясына Махса Аминиді өлтірткен АҚШ па?! Ардебилдегі мектепке басып кіріп оқушы қызды өлтірткен АҚШ па? Әйелдердің құқын шектеп, тұмшалап, ажырасқандардың балаларын анасынан айырып, әкесіне тапсыруды АҚШ ойлап тапты ма? Шетелде хиджапсыз суретке түскен әйелдерді еліне оралған соң қамап, дүре соқтырып жатқан АҚШ па? Осының бәрін АҚШ істеп жатыр десек те, қазаққа пайдасы бар ма, жоқ па?! Сол жағынан қарау керек...